---
title: "Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды мерекемен жылы лебізін білдірді"
description: "Президент Тоқаев Тәжікстанның Тәуелсіздік күніне орай стратегиялық серіктестік пен достық қарым-қатынасын атап өтті"
author: "akorda"
published: "2025-09-09T05:02:05+00:00"
modified: "2025-09-09T05:02:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-tazhikstandy-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1017051"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-tazhikstandy-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1017051/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды мерекемен жылы лебізін білдірді

> Президент Тоқаев Тәжікстанның Тәуелсіздік күніне орай стратегиялық серіктестік пен достық қарым-қатынасын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

> – Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сондай-ақ аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-tazhikstandy-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1017051](https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-tazhikstandy-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1017051)