---
title: "Тоқаев Словакия Президентін мерекемен құттықтады: достық пен ынтымақтастық"
description: "Мемлекет басшысы Петер Пеллегриниге жолдаған жеделхатта екі ел арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті"
author: "akorda"
published: "2025-09-01T01:55:04+00:00"
modified: "2025-09-01T01:55:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-slovakiyanyn-konstituciya-kunin-atap-otti-1016813"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-slovakiyanyn-konstituciya-kunin-atap-otti-1016813/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев Словакия Президентін мерекемен құттықтады: достық пен ынтымақтастық

> Мемлекет басшысы Петер Пеллегриниге жолдаған жеделхатта екі ел арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті

Мемлекет басшысы Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакияның Конституция күніне орай Петер Пеллегриниге құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент жеделхатта Словакияның демократиялық институттарды нығайту және әлеуметтік-экономикалық өрлеу ісіндегі жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар екі ел арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, оның одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Словакия халқына бақ-береке тіледі.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-slovakiyanyn-konstituciya-kunin-atap-otti-1016813](https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-slovakiyanyn-konstituciya-kunin-atap-otti-1016813)