---
title: "Тоқаев Қырғызстанды мерекемен құттықтап, стратегиялық серіктестікті нығайтты"
description: "Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күнін атап өтіп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды атап өтті."
author: "akorda"
published: "2025-08-31T03:42:02+00:00"
modified: "2025-08-31T03:42:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-kyrgyzstandy-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016801"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-kyrgyzstandy-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016801/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев Қырғызстанды мерекемен құттықтап, стратегиялық серіктестікті нығайтты

> Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күнін атап өтіп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

> – Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Бірлескен күш-жігер арқылы ғасырлардан тамыр тартатын достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімім мол, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-kyrgyzstandy-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016801](https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-kyrgyzstandy-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016801)