---
title: "Тоқаев Милановичке мерекемен құттықтау жолдады: екі ел арасындағы байланыс"
description: "Қазақстан Президенті Зоран Милановичті Хорватияның Мемлекеттілік күнімен жылы лебізбен құттықтады, достық қарым-қатынасты атап өтті."
author: "akorda"
published: "2025-06-01T09:40:20+00:00"
modified: "2025-06-01T09:40:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-horvatiya-prezidentin-memlekettilik-kunimen-kuttyktady-1014473"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-horvatiya-prezidentin-memlekettilik-kunimen-kuttyktady-1014473/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев Милановичке мерекемен құттықтау жолдады: екі ел арасындағы байланыс

> Қазақстан Президенті Зоран Милановичті Хорватияның Мемлекеттілік күнімен жылы лебізбен құттықтады, достық қарым-қатынасты атап өтті.

## Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Загреб арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, хорват халқына құт-береке тіледі.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-horvatiya-prezidentin-memlekettilik-kunimen-kuttyktady-1014473](https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-prezidenti-horvatiya-prezidentin-memlekettilik-kunimen-kuttyktady-1014473)