---
title: "Тоқаев пен БҰҰ агенттігі: Көші-қон мәселелерінде жаңа серіктестік"
description: "Мемлекет басшысы БҰҰ миграция директорымен заңсыз көші-қон, мигранттар құқығы және аймақтық диалог туралы сөйледі."
author: "akorda"
published: "2025-05-30T04:30:18+00:00"
modified: "2025-05-30T04:30:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-migraciya-salasyndagy-halykaralyk-yntymaktastykty-keneytude-1014414"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-migraciya-salasyndagy-halykaralyk-yntymaktastykty-keneytude-1014414/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев пен БҰҰ агенттігі: Көші-қон мәселелерінде жаңа серіктестік

> Мемлекет басшысы БҰҰ миграция директорымен заңсыз көші-қон, мигранттар құқығы және аймақтық диалог туралы сөйледі.

![Қасым-Жомарт Тоқаев Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады](https://storage.yvision.kz/images/user/429768/b76cec8ccd2ace8003557b24e54399ed.jpg?width=1920&height=512)

## Мемлекет басшысы Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады

➤ AIF алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның – БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігінің бас директоры Эми Поуппен кездесті.

Әңгімелесу барысында миграция бойынша ынтымақтастықтың жай-күйі, мигранттардың құқығын қорғау және Ұйымның 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспары шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы еліміз заңсыз көші-қон проблемаларын шешу, адам саудасына қарсы іс-қимыл және шет елдерде еңбек ететін қазақстандықтардың құқығын қорғау бағыттарында белсенді жұмыс жүргізетінін айтты.

Эми Поуп Қазақстанның Алматы процесіне 2025-2027 жылдардағы төрағалығының маңызын атап өтті. Бұл – аймақтық диалогты ілгерілетуге және Орталық Азиядағы көші-қонға байланысты проблемалардың шешімін бірлесіп іздеу шараларын үйлестіруге ықпал ететін консультативтік платформа.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эми Поуп ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ институционалды әлеуетті нығайтуға және аймақтағы көші-қонды орнықты басқаруға ықпал ету мақсатында озық тәжірибелермен алмасуға уағдаласты.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-migraciya-salasyndagy-halykaralyk-yntymaktastykty-keneytude-1014414](https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-migraciya-salasyndagy-halykaralyk-yntymaktastykty-keneytude-1014414)