---
title: "Қазақ-қырғыз достастығы: жақын көршілер мен бауырлас елдердің байланысы"
description: "Садыр Жапаровтың сөзімен: қырғыз бен қазақ – бір тұқымдас елдер, олардың ынтымақтастығы экономика мен мәдениетте көрінеді."
author: "akorda"
published: "2025-08-22T07:54:58+00:00"
modified: "2025-08-22T07:54:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-men-kyrgyzstan-strategiyalyk-yntymaktastyk-zhane-halyktar-dostastygy-1016554"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-men-kyrgyzstan-strategiyalyk-yntymaktastyk-zhane-halyktar-dostastygy-1016554/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ-қырғыз достастығы: жақын көршілер мен бауырлас елдердің байланысы

> Садыр Жапаровтың сөзімен: қырғыз бен қазақ – бір тұқымдас елдер, олардың ынтымақтастығы экономика мен мәдениетте көрінеді.

> – Қазақстан – біздің ең жақын көршіміз, Қырғызстанның сыртқы саясатында ерекше орын алатын бауырлас ел, негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің қолдауыңыздың арқасында мемлекеттеріміздің арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық қатынастар нық дамып келе жатқанын айрықша атап өткім келеді. Біздің халықтарымыз ертеден достық пен келісімде өмір сүрді, бір-бірін қолдап отырды. Қалыптасқан татулығымыздың негізінде біз барлық мәселені бірлесе шеше аламыз деп сенемін. Өйткені қырғыз бен қазақ – егіз секілді ұқсас елдер. Ұлы Абай «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды» деген, – деді Садыр Жапаров.

Отырыс барысында сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

t.me/aqorda_resmi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-men-kyrgyzstan-strategiyalyk-yntymaktastyk-zhane-halyktar-dostastygy-1016554](https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-men-kyrgyzstan-strategiyalyk-yntymaktastyk-zhane-halyktar-dostastygy-1016554)