---
title: "Тоқаев пен Пезешкиан: Достық қарым-қатынас және ынтымақтастық жоспары"
description: "Қазақстан мен Иран президенттері Құрбан айтта телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады."
author: "akorda"
published: "2025-06-05T09:40:50+00:00"
modified: "2025-06-05T09:40:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-men-iran-prezidentteri-kurban-ayt-karsanynda-telefon-arkyly-soylesti-1014621"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-men-iran-prezidentteri-kurban-ayt-karsanynda-telefon-arkyly-soylesti-1014621/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев пен Пезешкиан: Достық қарым-қатынас және ынтымақтастық жоспары

> Қазақстан мен Иран президенттері Құрбан айтта телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

✔️ Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.

✔️ Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-men-iran-prezidentteri-kurban-ayt-karsanynda-telefon-arkyly-soylesti-1014621](https://yvision.kz/kk/post/kazakstan-men-iran-prezidentteri-kurban-ayt-karsanynda-telefon-arkyly-soylesti-1014621)