---
title: "«Казақ Аруы – 2012» байқауының жеңімпазы Айғаным Өтепбергенова бизнес саласына аяқ басты."
description: "«Казақ Аруы »жеңімпаздардың бірі Айғаным Өтепбергенова тұрмысқа шығып, халық көзінен таса болған еді..."
author: "kami1997"
published: "2016-03-11T11:03:25+00:00"
modified: "2016-04-14T02:55:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kaza-aruy-2012-bay-auyny-zhe-impazy-ay-anym-tepbergenova-biznes-salasyna-aya-basty-682342"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kaza-aruy-2012-bay-auyny-zhe-impazy-ay-anym-tepbergenova-biznes-salasyna-aya-basty-682342/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Казақ Аруы – 2012» байқауының жеңімпазы Айғаным Өтепбергенова бизнес саласына аяқ басты.

> «Казақ Аруы »жеңімпаздардың бірі Айғаным Өтепбергенова тұрмысқа шығып, халық көзінен таса болған еді...

«Казақ Аруы »жеңімпаздардың бірі Айғаным Өтепбергенова тұрмысқа шығып, халық көзінен таса болған еді. Алайда ару уақыттының барлығын продюсерлікпен айналысуды көздеген.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kami1997/b425XUyfR7iXv0QzKve6A8H4c70XmK.jpg)

Сонымен қатар, “Эйфория” шоу-балетіне жетекшілік етіп, алдағы уақытта жеке бизнесін бастауды жоспарлап отыр. Ал бизнес түрінің қандай болатындығы әзірге құпия сақтауда.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kami1997/mixiVC56yr2Cy3g2TsDP5Bv4Ybzx1Q.jpg)

Бұл туралы қазақ аруы “Жүзеге асқан дүниені ғана айтқан жөн болар. Әзірге бизнестің қай саласында екенімді айтпай қоя тұрайын” деп қысқа ғана жауап кайтарды.

Продюсердің қарамағындағы әнші Жасұлан Ақатаев жақын күндердің бірінде “Оскар” жүлдесін жеңіп алған Леонардо ДиКаприоға арнап ән шығарған болатын.

“Oh Leo” деп аталатын әннің сөзін әнші өзі жазған. Мұнымен қатар, продюсер Айғаным Өтепбергенова әншінің жақында Марсель, Кенталмен бірігіп трио жазатынын да ағыла айтты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kaza-aruy-2012-bay-auyny-zhe-impazy-ay-anym-tepbergenova-biznes-salasyna-aya-basty-682342](https://yvision.kz/kk/post/kaza-aruy-2012-bay-auyny-zhe-impazy-ay-anym-tepbergenova-biznes-salasyna-aya-basty-682342)