---
title: "Қасым-Жомарт Тоқаев: Зұлмат заманның қаралы парақтары"
description: "Сталиндік зобалаңның қазақ халқына салған зардабы: ұлт зиялыларының тағдыры, қуғын-сүргін және ашаршылық тарихы."
author: "akorda"
published: "2025-06-01T09:54:44+00:00"
modified: "2025-06-01T09:54:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-stalindik-repressiya-kezindegi-kazak-halkynyn-kasireti-1014477"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-stalindik-repressiya-kezindegi-kazak-halkynyn-kasireti-1014477/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қасым-Жомарт Тоқаев: Зұлмат заманның қаралы парақтары

> Сталиндік зобалаңның қазақ халқына салған зардабы: ұлт зиялыларының тағдыры, қуғын-сүргін және ашаршылық тарихы.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз.

Өткен ғасырда Кеңес Одағына қарасты көптеген халық талай қиындықты бастан өткерді. Соның ішінде қазақ елі де зобалаң жылдардың тауқыметін тартты. Күшпен ұжымдастыру науқаны кезінде мал-мүлкінен айырылды. Жұртымыз алапат аштықтан қынадай қырылды, көп адам жан сауғалап, шетел асып кетуге мәжбүр болды.

Сталиндік репрессия кезінде ұлтымыздың зиялылары, білімді, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланды. Мыңдаған адам халық жауы атанып, аяусыз азапталды, сотсыз атылды. Ұлтымыз аз ғана уақыт ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сияқты мыңдаған ең асыл перзенттерінен айырылды».

t.me/aqorda_resmi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-stalindik-repressiya-kezindegi-kazak-halkynyn-kasireti-1014477](https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-stalindik-repressiya-kezindegi-kazak-halkynyn-kasireti-1014477)