---
title: "Нұрсұлтан Назарбаевтың 85 жылдығы: Мемлекет басшысынан ерекше лебіз"
description: "Тоқаев Назарбаевтың мемлекет құрылуындағы тарихи рөлін атап өтіп, жүректен шыққан құттықтау жолдады. Елеулі мерейтой туралы толық ақпарат."
author: "akorda"
published: "2025-07-05T12:13:06+00:00"
modified: "2025-07-05T12:13:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-nursultan-nazarbaevty-85-zhasymen-mereytoylyk-kuttyktady-1015553"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-nursultan-nazarbaevty-85-zhasymen-mereytoylyk-kuttyktady-1015553/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Нұрсұлтан Назарбаевтың 85 жылдығы: Мемлекет басшысынан ерекше лебіз

> Тоқаев Назарбаевтың мемлекет құрылуындағы тарихи рөлін атап өтіп, жүректен шыққан құттықтау жолдады. Елеулі мерейтой туралы толық ақпарат.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.

t.me/aqorda_resmi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-nursultan-nazarbaevty-85-zhasymen-mereytoylyk-kuttyktady-1015553](https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-nursultan-nazarbaevty-85-zhasymen-mereytoylyk-kuttyktady-1015553)