---
title: "Көлік дамуы: Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейту жоспары"
description: "Мемлекет басшысы транзиттік дәліздерді дамыту, логистика секторын жетілдіру және еліміздің сауда потенциалын арттыру жөнінде нұсқаулар берді."
author: "akorda"
published: "2025-07-03T10:04:39+00:00"
modified: "2025-07-03T10:04:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-kazakstannyn-kolik-tranzit-aleuetin-arttyru-strategiyasy-1015492"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-kazakstannyn-kolik-tranzit-aleuetin-arttyru-strategiyasy-1015492/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көлік дамуы: Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейту жоспары

> Мемлекет басшысы транзиттік дәліздерді дамыту, логистика секторын жетілдіру және еліміздің сауда потенциалын арттыру жөнінде нұсқаулар берді.

**Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады**

Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-kazakstannyn-kolik-tranzit-aleuetin-arttyru-strategiyasy-1015492](https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-kazakstannyn-kolik-tranzit-aleuetin-arttyru-strategiyasy-1015492)