---
title: "ExxonMobil Қазақстанда: Инвестициялар, серіктестік және энергетика даму жоспарлары"
description: "Мемлекет басшысы Тоқаев ExxonMobil басшысымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық пен даму стратегияларын талқылады"
author: "akorda"
published: "2025-06-13T16:06:39+00:00"
modified: "2025-06-13T16:06:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-exxonmobil-korporaciyasynyn-bas-direktorymen-kezdesti-1014885"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-exxonmobil-korporaciyasynyn-bas-direktorymen-kezdesti-1014885/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ExxonMobil Қазақстанда: Инвестициялар, серіктестік және энергетика даму жоспарлары

> Мемлекет басшысы Тоқаев ExxonMobil басшысымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық пен даму стратегияларын талқылады

**Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады** Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды. ➤ **Қасым-Жомарт Тоқаев**: – ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді; – аталған компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады; – мұнай-газ саласындағы бірлескен қызмет аясында көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды; – еліміз корпорациямен ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі екенін айтты. ➤ **Даррен Вудс**: – Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді. [t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-exxonmobil-korporaciyasynyn-bas-direktorymen-kezdesti-1014885](https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-exxonmobil-korporaciyasynyn-bas-direktorymen-kezdesti-1014885)