---
title: "Қазақстанда ақшаны жылыстатуға қарсы күрес: Тоқаевтың халықаралық кездесуі"
description: "Мемлекет басшысы Эльжбета Франков-Яскевичпен қаржылық қауіпсіздік, реформалар және заң үстемдігі туралы сұхбат өткізді"
author: "akorda"
published: "2025-06-23T09:30:01+00:00"
modified: "2025-06-23T09:30:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-egmont-tobynyn-toragasymen-karzhylyk-kauipsizdik-maselelerin-talkylady-1015188"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-egmont-tobynyn-toragasymen-karzhylyk-kauipsizdik-maselelerin-talkylady-1015188/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанда ақшаны жылыстатуға қарсы күрес: Тоқаевтың халықаралық кездесуі

> Мемлекет басшысы Эльжбета Франков-Яскевичпен қаржылық қауіпсіздік, реформалар және заң үстемдігі туралы сұхбат өткізді

**Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады**

Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

**➤** **Қасым-Жомарт Тоқаев:**

– жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде «Эгмонт» тобының маңызы зор екеніне назар аударды;

– Қазақстанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады;

– заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді.

**➤** **Эльжбета Франков-Яскевич**:

– Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-egmont-tobynyn-toragasymen-karzhylyk-kauipsizdik-maselelerin-talkylady-1015188](https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-egmont-tobynyn-toragasymen-karzhylyk-kauipsizdik-maselelerin-talkylady-1015188)