---
title: "Тоқаев Трампты мерейтойымен құттықтап, стратегиялық серіктестікке баса назар аударды"
description: "Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне жаhандық қауіпсіздік пен өзара тиімді ынтымақтастық туралы лебізін жеткізді"
author: "akorda"
published: "2025-06-14T20:29:19+00:00"
modified: "2025-06-14T20:29:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-donald-trampty-tugan-kunimen-kuttyktady-1014898"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-donald-trampty-tugan-kunimen-kuttyktady-1014898/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев Трампты мерейтойымен құттықтап, стратегиялық серіктестікке баса назар аударды

> Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне жаhандық қауіпсіздік пен өзара тиімді ынтымақтастық туралы лебізін жеткізді

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-donald-trampty-tugan-kunimen-kuttyktady-1014898](https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-donald-trampty-tugan-kunimen-kuttyktady-1014898)