---
title: "Қазақстандық опера әншісі әлемдік сахнада жеңіс тұғырына көтерілді"
description: "Мемлекет басшысы Италияда өткен CLIP 2025 байқауында жеңіске жеткен Әйгерім Алтынбекке арнайы құттықтау жолдады"
author: "aqparatqogam"
published: "2025-07-28T13:03:52+00:00"
modified: "2025-07-28T13:03:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-aygerim-altynbekti-halykaralyk-opera-baykauynda-zhenisimen-kuttyktady-1015902"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-aygerim-altynbekti-halykaralyk-opera-baykauynda-zhenisimen-kuttyktady-1015902/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстандық опера әншісі әлемдік сахнада жеңіс тұғырына көтерілді

> Мемлекет басшысы Италияда өткен CLIP 2025 байқауында жеңіске жеткен Әйгерім Алтынбекке арнайы құттықтау жолдады

**Мемлекет басшысы опера әншісіӘйгерім Алтынбекті құттықтады**

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанғанӘйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады.

> – Еліміздің мәдениетін төрткүләлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін! – деп жазды Президент.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-aygerim-altynbekti-halykaralyk-opera-baykauynda-zhenisimen-kuttyktady-1015902](https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-aygerim-altynbekti-halykaralyk-opera-baykauynda-zhenisimen-kuttyktady-1015902)