---
title: "Қазақстан мен Алжир: Президенттердің достық серіктестігі"
description: "Тоқаев Алжир Президентін мерекемен құттықтап, екі ел арасындағы байланыстардың нығаюына сенім білдірді"
author: "akorda"
published: "2025-07-05T04:11:12+00:00"
modified: "2025-07-05T04:11:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-alzhir-respublikasyn-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1015547"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-alzhir-respublikasyn-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1015547/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан мен Алжир: Президенттердің достық серіктестігі

> Тоқаев Алжир Президентін мерекемен құттықтап, екі ел арасындағы байланыстардың нығаюына сенім білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-alzhir-respublikasyn-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1015547](https://yvision.kz/kk/post/kasym-zhomart-tokaev-alzhir-respublikasyn-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1015547)