---
title: "Құрбан айт: Ынтымақ, мейірімділік және рухани тазалық мерекесі"
description: "Ұлы мереке – Құрбан айт. Бауырластық, сыйластық және имандылық символы. Еліміздің бірлігін нығайтатын қасиетті дәстүр."
author: "akorda"
published: "2025-06-06T03:14:59+00:00"
modified: "2025-06-06T03:14:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasietti-kurban-ayt-birlik-pen-izgiliktin-merekesi-1014646"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kasietti-kurban-ayt-birlik-pen-izgiliktin-merekesi-1014646/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрбан айт: Ынтымақ, мейірімділік және рухани тазалық мерекесі

> Ұлы мереке – Құрбан айт. Бауырластық, сыйластық және имандылық символы. Еліміздің бірлігін нығайтатын қасиетті дәстүр.

Ардақты ағайын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы.

Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі.

Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз.

Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын!

Әр шаңыраққа құт-береке қонсын!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kasietti-kurban-ayt-birlik-pen-izgiliktin-merekesi-1014646](https://yvision.kz/kk/post/kasietti-kurban-ayt-birlik-pen-izgiliktin-merekesi-1014646)