---
title: "Каратэші В.Подмарева Орталық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды"
description: "Батысқазақстандық спортшы Влада Подмарева каратэ-додан Орталық Азия чемпионатынан күміс жүлдемен ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-05-14T21:55:43+00:00"
modified: "2014-05-14T21:55:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/karateshi-v-podmareva-ortaly-aziya-chempionatyny-k-mis-zh-ldegeri-atandy-413641"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/karateshi-v-podmareva-ortaly-aziya-chempionatyny-k-mis-zh-ldegeri-atandy-413641/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Каратэші В.Подмарева Орталық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

> Батысқазақстандық спортшы Влада Подмарева каратэ-додан Орталық Азия чемпионатынан күміс жүлдемен ...

[!\[Каратэші В.Подмарева Орталық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/20140514013026-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/20140514013026.jpg)

Батысқазақстандық спортшы Влада Подмарева каратэ-додан Орталық Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш біріншілік Тәжікстанның Худжанд қаласында өткен еді. 68 келі салмақта өнер көрсеткен Владаның бапкері — Асқар Досжанов. Айта кету керек, осы чемпионат кезінде төрешілер мен бапкерлер үшін семинар ұйымдастырылды. Соның қорытындысы бойынша БҚО-дан бірінші рет Қуаныш Қайыровқа каратэ-додан халықаралық дәрежедегі төреші атағы берілді.

Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

Басты сөздер: [Батыс Қазақстан облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/259) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

ОРАЛ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/karateshi-v-podmareva-ortaly-aziya-chempionatyny-k-mis-zh-ldegeri-atandy-413641](https://yvision.kz/kk/post/karateshi-v-podmareva-ortaly-aziya-chempionatyny-k-mis-zh-ldegeri-atandy-413641)