---
title: "Каратанчева Воскобоеваның ізін ала «Уимблдон» біліктілік кезеңінің финалына өтті"
description: "Қазақстандық спортшы Сесиль Каратанчева «Уимблдон» біліктілік кезеңінің финалына жолдама алды. Е..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-20T22:05:29+00:00"
modified: "2013-06-20T22:05:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/karatancheva-voskoboevany-izin-ala-uimbldon-biliktilik-keze-ini-finalyna-tti-358648"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/karatancheva-voskoboevany-izin-ala-uimbldon-biliktilik-keze-ini-finalyna-tti-358648/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Каратанчева Воскобоеваның ізін ала «Уимблдон» біліктілік кезеңінің финалына өтті

> Қазақстандық спортшы Сесиль Каратанчева «Уимблдон» біліктілік кезеңінің финалына жолдама алды. Е...

[!\[Каратанчева Воскобоеваның ізін ала «Уимблдон» біліктілік кезеңінің финалына өтті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/123.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/123.jpg)

 

Қазақстандық спортшы Сесиль Каратанчева «Уимблдон» біліктілік кезеңінің финалына жолдама алды.

Екінші айналымда 23 жастағы Каратанчева 6:4, 6:1 есебімен британдық Джейд Виндлиді ойсыра жеңді. Атап өткен жөн, Каратанчева әлемнің 128-ші ракеткасы саналса, 23 жастағы британдық теннисші тізімнің 389 сатысында орналасуда. Бұған дейін спортшылар өзара шеберліктерін сынамаған.

Бұған дейін біліктіліктің ақтық кезеңіне еліміздің өзге теннисшісі — Галина Воскобоева өткен болатын.

Еске сала кетейік, «Уимблдон» — ең көне және беделді теннистік жарыс ретінде саналады. «Үлкен шлемнің» төрт турнирінің бірі жылда маусым айының аяғы мен шілденің басында Уимблдонда ұйымдастырылады. Бәсеке екі аптаға созылады.

Бұл туралы [Vesti.kz](http://vesti.kz/). жазып отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/karatancheva-voskoboevany-izin-ala-uimbldon-biliktilik-keze-ini-finalyna-tti-358648](https://yvision.kz/kk/post/karatancheva-voskoboevany-izin-ala-uimbldon-biliktilik-keze-ini-finalyna-tti-358648)