---
title: "Капоэйра — Бразилия өнері"
description: "13 сәуір күні Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында Капоэйра биінің кеші өтті. Халық ақырындап жаты..."
author: "kaztube1"
published: "2013-04-17T12:46:48+00:00"
modified: "2013-04-17T12:46:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kapoeyra-braziliya-neri-348220"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kapoeyra-braziliya-neri-348220/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Капоэйра — Бразилия өнері

> 13 сәуір күні Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында Капоэйра биінің кеші өтті. Халық ақырындап жаты...

13 сәуір күні Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында Капоэйра биінің кеші өтті. Халық ақырындап жатыр.

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/nR1rrIF3I73V11mA085B4QTh3RVu47.jpg)

Хан шатырда халық көп. Дала суық болған соң адамдардың бәрі іште жүрген сияқты.

Капоэйра биінің басталуын күтіп отырған кез...

Хан шатырда халық көп болды. Сол күні дала суық болған соң адамдардың бәрі іште жүрген сияқты. Капоэйра биінің басталуын күтіп отырған кез...

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/lS55JIUFwdItGGF7Cz2wmjwiOg77CF.jpg)

Капоэйра - ойын, би, акробатика элементтерін араластыра отырып, Бразилияның ұлттық музыкасының ырғағымен жасалатын Бразилияның ұлттық төбелес өнері.

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/wbwKXu3vuRx8v273O1Rafj1cnp4tE2.jpg)

Капоэйра - акробатика, би қимылдары кездесетін өнер түрі. Бразилияның ұлттық әндері қосылып тұрады да, әр адам бір-бірлеп шығып, өнерін көрсетеді.

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/0hZ34mFOAcijZTMnLJdm2DafbMF6af.jpg)

Arte de Gingar тобы өз өнерлерін көрсетті.

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/z77CXhwd67x7nw5Q6S89uwS678rU08.jpg)

Көрермендер Бразилияның ұлттық өнерін кірпік қақпай тамашалап тұр. Жас та, кәрі де, Хан шатырда жүрген барлық адамдар осында.

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/l6c6wG796iqP0XVl4hypDyf80r24c5.jpg)

Аяқпен теуіп, қолмен ұрып, айналып теуіп, қарсыласы одан қорғанып, сақтанып, сөйтіп жүріп, музыканың ырғағына дәл түсу керек. Қызық өнер екен. Arte De Ginger тобы өнер көрсетуде.

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/LK2bAEHwlpf6hyc7M0KNue90X9GaNy.jpg)

Капоэйра 18 ғасырда Оңтүстік Америкада қара нәсілді құлдардың ықпалымен туындаған. Ол кейін португалдықтардың үйреніп келген биінің дамыған түрі болды. Кейін бразилиялықтар сақтап қалды бұл өнерді.

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/1JHaMgbWvVY9dpJ1yL29tX6Y16iP37.jpg)

Капоэрада қыздар да өнер көрсетті. Әрине музыка қосылып тұрды. "Паранавей" атты Бразилияның ұлттық әні ойнап тұрды артқы фонда :)

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/Ts25X93w1b56o0J45x7Uuk8wQr186f.jpg)

Бишілер кішкене демалып алмақ болды да, үзілісте кішкентай қыз ағылшынша ән айтты. Ләйлә осы әнді орындап, Ютубқа видео салған. Сол видеосы елу мыңнан астам рет көрілген. Әнді орындау шеберлігіне сөз жоқ!

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/FSLAwgXY635GlmQKg9naQswG95Pf1O.jpg)

Бұл бишілер тек билеп қана қоймай, Паранавей әнін де айтты жанды дауыспен. Дөңгелене тұра қалған адамдар қайырмаға қосылады. Ал екі адам ортаға шығып, Капоэйра билейді. Бразилияның бұл әуені керемет екен.

![Капоэйра — Бразилия өнері](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/Ds3jrncLzn5Qdn4eY3e34w907HP5p2.jpg)

Бұл биді біздің портал түсірді :)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kapoeyra-braziliya-neri-348220](https://yvision.kz/kk/post/kapoeyra-braziliya-neri-348220)