---
title: "Кандидаттардың мақсаты айқын"
description: "Үгіт-насихат кезеңінің үшінші күні кандидаттар сайлаушылармен кезде- сулерін əдеттегідей онлайн форм..."
author: "bayanaul.nurotan.kz"
published: "2020-12-30T10:37:20+00:00"
modified: "2021-01-04T10:05:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kandidattardy-ma-saty-ay-yn-905934"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kandidattardy-ma-saty-ay-yn-905934/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кандидаттардың мақсаты айқын

> Үгіт-насихат кезеңінің үшінші күні кандидаттар сайлаушылармен кезде- сулерін əдеттегідей онлайн форм...

Үгіт-насихат кезеңінің үшінші күні кандидаттар сайлаушылармен кезде- сулерін əдеттегідей онлайн форматта өткізді. Облыстық жəне аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар

– Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаттың директоры Салтанат Дос- мағамбетова, кəсіпкер Гүлмира Олжатай, Баянауыл бөбектер бақшасының директоры Арай Ыбыраева, Баянауыл бөбектер бақшасы директорының орынбасары Сандуғаш Абжанова аудандық іскер əйелдер ассоциациясымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар – З.Ақышев атындағы мектептің директоры Дүйсенбек Төлеутаев пен Жалғызқайың ауылдық клубының көркемдік жетекшісі Дүйсен Жұмағұлов «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалының еңбек ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын түсіндірді.

Аудандық сайлауалды штаб мүшелері, аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар – Шадыра мектебінің директоры Төлеген Ахаев, жас кəсіпкер Айдос Дəулет, аудандық аурухананың терапевт-дəрігері Нұрсұлтан Бірлік Сəтбаев ауылдық округі жастарымен жəне Майқайың кенті кəсіпкерлерімен кездесті. «Сапалы білімге оның барлық деңгейінде қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданның одан əрі дамуы үшін маңызды шарт болып табылады. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жəне білім беру сапасын арттыруға баса назар аударылатын болады. «Nur Otan» партиясы білім беру мекемелерін қорғау жəне санитарлық-гигиеналық құралдармен тұрақты негізде қамтамасыз ету, халықтың əлеуметтік осал топтарынан шыққан барлық балаларды қашықтықтан оқыту үшін компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жəне 2025 жылға дейін ауданның барлық мектептерін пəндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника сыныптарымен, жаңа модификация кабинеттерімен кезең-кезеңімен жабдықтау – алға қойылған үлкен мақтаттар», - деді Дүйсенбек Байронұлы.

Ал, Төлеген Ахаев өз сөзінде ауыл – қашанда тұтас бір мемлекеттің ұйыт- қысы болып келді, солай бола да бермек екенін атап өтті. «Тарихтың талай тарландары да, елдің бірталай бүгінгі беткеұстар беделділері де, жазушы, жыршы, қаламгер ақындары да, қайсы болмасын ауыл топырағынан жа- ралғандар. Сол себепті мемлекет мəртебесі үшін көп дүниені көмкереміз десек бірінші кезекте ауыл жағдайын жақсартуымыз қажет. Менің мақсатым: ауылдарды тіршілік көзі – сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ауылдардың ішкі жолдары мен ауданаралық қатынас жолдарын жөндеу, əлеуметтік маңызы бар мекемелердің, яғни мəдениет ошақтары, денсаулықсақтау мекемелері, балабақша, мектеп ғимараттарының қажетті талапта жұмыс жасауларына жағдай тудыру; олардың техникалық жабдықталуын қамтамасыз ету, жарықтандыру мəселесін шешу, халықтың əлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына ықпал ету», - деді ол.

Жас дəрігер Нұрсұлтан Бірлік медициналық қызмет көрсетудің қол- жетімділігі мен сапасын арттыруда атқарылар жұмыстарға тоқталды.

«Nur Otan» партиясы үшін азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Алғашқы көмек адамдарға барынша жақын болады. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға жəне нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирус- тық инфекциямен күресу кезеңінде алынған тəжірибе қолданылады», - деді.

Жас кəсіпкер Айдос Дəулет сайлауалды бағдарламада жастар – əрбір мемлекеттің болашағы екені баса айтылған. «Nur Otan» партиясы мен оның

«Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастар- ды жұмыспен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерге тарту жəне орнықтыру, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуы, оның əлеуетін да- мыту үшін жағдай жасау», - дейді ол. Айдос өз бағдарламасында «Диплом- мен ауылға» бағдарламасы бойынша кемінде 200 білікті жас мамандарды тартуға ықпал етуді, ауданның шаруа қожалықтары жəне ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал етуді көздейтінін алға тартты.

«Nur Otan» партиясы Баянауыл аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сайлау-2021

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kandidattardy-ma-saty-ay-yn-905934](https://yvision.kz/kk/post/kandidattardy-ma-saty-ay-yn-905934)