---
title: "ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР"
description: "Шымкент қаласында денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жоспарлы жұмыстар қолға алын?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-03-03T14:23:52+00:00"
modified: "2025-03-03T14:23:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kalalyk-zhukpaly-aurular-auruhanasynda-zhondeu-zhumystary-karkyndy-zhurip-zhatyr-1012819"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kalalyk-zhukpaly-aurular-auruhanasynda-zhondeu-zhumystary-karkyndy-zhurip-zhatyr-1012819/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

> Шымкент қаласында денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жоспарлы жұмыстар қолға алын?...

**Шымкент қаласында денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жоспарлы жұмыстар қолға алынған. Шаһарда бүгінгі таңда екі ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.**

![ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/d9a45eec28e847b06484370240488f19.jpg?width=960&height=1200)

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Мұнда жылу жүйелері, желдеткіштер толығымен ауыстырылып, есік-терезелері жаңартылуда. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

![ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/2b84a422e7e318c2b1bb5dc1c4cc069c.jpg?width=1200&height=1500)

№1 қалалық клиникалық ауруханасының ғимаратында жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде аурухананың А, Б, Г және шаруашылық блогында жөндеу жұмыстары аяқталып, В блогында жұмыстар жалғасуда.

![ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/629601d253b98e9d500fe0bd991ff01a.jpg?width=1280&height=1600)

Сондай-ақ, мамандандырылған бөбектер үйі және №2, №13 қалалық емханасында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бюджеттік ұсыным берілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен №4, №9, №10, №11 емханаларына жаңа ғимарат салу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kalalyk-zhukpaly-aurular-auruhanasynda-zhondeu-zhumystary-karkyndy-zhurip-zhatyr-1012819](https://yvision.kz/kk/post/kalalyk-zhukpaly-aurular-auruhanasynda-zhondeu-zhumystary-karkyndy-zhurip-zhatyr-1012819)