---
title: "Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер"
description: "Сәлем! Қалың қысқа қарамастан, бүгін назарларыңызға жеңіл киімдерді ұсынғым келеді. Бұл түрлі түсті ..."
author: "almunya"
published: "2013-01-05T15:29:05+00:00"
modified: "2013-01-09T09:41:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-zgi-lookbook-romantikaly-beyneler-309630"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-zgi-lookbook-romantikaly-beyneler-309630/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер

> Сәлем! Қалың қысқа қарамастан, бүгін назарларыңызға жеңіл киімдерді ұсынғым келеді. Бұл түрлі түсті ...

Сәлем! Қалың қысқа қарамастан, бүгін назарларыңызға жеңіл киімдерді ұсынғым келеді. Бұл түрлі түсті белдемшелер мен көйлекті Сима есімді әшекей қызға күзде болған сән мерекелерге арнап тіккенбіз.

Қысқаша Сима туралы айтып кетсем, ол сұлу және өте стильды қыз. Киімдерінің үлгісін өзі тауып келеді, сосын Әлия толықытырып, тігіп береді. Бізге досынан естіп келген. Тез арада белдемше тігу керек еді. Кейін Симамен жақынырақ танысып, оны фэшн және бьюти әлемінде жұмыс жасайтынын білдік.

1. **Бірінші бейне - Қызыл қызғалдақ.** Белдемшені қалың тафтадан тіктік. Бұл матаның ерекшілігі форманы жақсы қабылдайды, көп мыжылмайды. Түрлі киім арқылы бейнесін ауыстырып, Сима белдемшені кешкі және күндізгі мерей тойларға киді.

![Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер](https://storage.yvision.kz/images/user/almunya/jhUfygj8PQ2Hyt85X36MTzN6yo7IPU.jpg)

![Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер](https://storage.yvision.kz/images/user/almunya/3pppRceS48reC4N1lGto6W4VP12xp1.jpg)

Баста белдемше ұзын болатын, етегі тіпті жерде жататын. Симаның қыз жолдас болған образы:

![Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер](https://storage.yvision.kz/images/user/almunya/v9Z0t2d68E400JQXnjpU6TJdRBBIIN.jpg)

**2. Екінші бейне - шығыс әндері.** Белдемшені табиғи шифоннан тіктік. Негізі бұл ою Орта Азия елдеріне тән (өзбек, түркмен, т.б.) хан атлас, адрас, т.б. маталарда тоқылады. Қазір бұл ою түрлі маталарға салынып, әлемнің белгілі дизайнерлерінің коллекцияларында кездеседі. Сима айтуымен, белдемше барлық фэшн кештерде бірден көзге түседі.

![Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер](https://storage.yvision.kz/images/user/almunya/Y60XgYGR0MfC3UD3L1TK7jT9exIv4J.jpg)

**3. Үшінші бейне - күзгі пері.** Қайтадан романтиқалық белдемше. Негізгі тақырыбымыз балет болатын. Сондықтан нәзік бейнені жасадық. Белдемшенің матасын екі рет ауыстырдық, фатинның орнына жұмсақ тор таңтадық.

![Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер](https://storage.yvision.kz/images/user/almunya/y4VbL0eFDoZtJ2L7zEh5R7Ht7BxpPw.jpg)

![Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер](https://storage.yvision.kz/images/user/almunya/WPL3IR4asPluZRysvEf6JL7J67tc4s.jpg)

**4.** Бұл бейне, орысша айтсақ, **"Барышня-крестьянка"** деп аталады. Матасы - жібек жібінен жасалған букле, баршылығы оны "шанелька" дейді. Сима көйлектің жеңін қайырып, алқа тағып, бейнесін өзгеше толықтырды.

![Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер](https://storage.yvision.kz/images/user/almunya/Td558nSpp5fjD2Q9kS30m5vtRgMM6Q.jpg)

![Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер](https://storage.yvision.kz/images/user/almunya/dcSoX6DaBmgQM65temH8FiefaG4Pn3.jpg)

*Фото: Симаның мұрағатынан*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-zgi-lookbook-romantikaly-beyneler-309630](https://yvision.kz/kk/post/k-zgi-lookbook-romantikaly-beyneler-309630)