---
title: "Күзет ұйымдарымен бірлесіп жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 161 құқық бұзушылық анықталды"
description: "Күзет қызметін бақылау бөлімі – Қазақстан Республикасы аумағында күзет қызметіне бақылау жасай отыры..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-12-20T05:17:57+00:00"
modified: "2016-12-20T05:17:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-zet-yymdarymen-birlesip-zh-rgizgen-zh-mystardy-n-tizhesinde-161-y-b-zushyly-any-taldy-739450"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-zet-yymdarymen-birlesip-zh-rgizgen-zh-mystardy-n-tizhesinde-161-y-b-zushyly-any-taldy-739450/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Күзет ұйымдарымен бірлесіп жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 161 құқық бұзушылық анықталды

> Күзет қызметін бақылау бөлімі – Қазақстан Республикасы аумағында күзет қызметіне бақылау жасай отыры...

Күзет қызметін бақылау бөлімі – Қазақстан Республикасы аумағында күзет қызметіне бақылау жасай отырып, заңды және жеке тұлғаларға күзет қызметінің барлық түрімен айналысуға, сонымен қатар, күзет-дабыл қондырғыларын монтаждау, жобалау және техникалық қызмет көрсету қызметтерін жүзеге асырады.

***Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінде*** күзет қызметінің барлық түрімен айналысатын **171** жеке күзет ұйымдары тіркеуде тұр, оның ішінде өзге облыстардан келіп күзет қызметімен айналысатын **32** филиалдар бар.

Күзет қызметін бақылау бөлімі жеке күзет ұйымдарының қызметтеріне бақылау жасаумен шектеліп қоймай, күзет қызметінің сапасын арттырып, қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы әрекет жасау шараларын ұйымдастыруда қоян-қолтық араласып іс-шаралар атқаруда.

Облыс көлемінде азаматтардың пәтерлерін және мекемелердің обьектілерін күзеттің орталықтандырылған бақылау торабымен күзетуге алу бағытында халық арасында түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде.

Қылмыс пен құқық бұзушылықпен қарсы күресте, оның алдын алуда жыл басынан күзет ұйымдары қала орталығындағы қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыстар атқарып, нәтижесінде **161** құқықбұзушылықтың жолын кесіп, **16** қылмыстың дер кезінде ашылуына үлес қосты. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, күзетілетін нысандарда қылмыстардың жолын кесу, алдын алуда «Фархад Секьюрити» ЖШС, «Жақсылық» күзет фирмасы ЖШС, «Нур-Али Секьюрити» ЖШС, «KMG Security» ЖШС филиалы сынды күзет ұйымдарының қосқан үлесі зор.

Атап айтқанда, 2016 жылдың 25 қарашасында «KMG Security» ЖШС филиалының күзетшісі қала орталығындағы жанармай құю бекеттердің бірінде кезекшілік атқарып тұрған сәтте май құю үшін тоқтаған автокөлік жүргізушісіне қоқан-лоқы көрсетіп, ақша талап етіп тұрған күдіктіні байқайды. Уақытты босқа шығындамай, дереу түрде полиция қызметінің «102» нөміріне хабарласады. Бұл әрекетімен тоқтамай, оқиға орнына полиция қызметкерлері келемін дегенше қылмыскерлерді залалсыздандыру әрекеттеріне көшеді. Күзетшінің қырағылығының нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмыскерлерді құрықтап, тергеу әрекеттерін бастап кетті. Күзет нысанында қылмыстың орын алуына жол бермеген ұйым күзетшісінің бұл әрекеті департамент тарапынан жоғары бағаланып, «Алғыс хатпен» марапатталды.

Айта кетерлік жайт, қазіргі уақытта «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігінде жеке күзет ұйымдарының күзетшілерінің кәсіби біліктілігін арттырып, әрдайым оқыс оқиғаларға дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында дайындық сабақтарын өткізіп, физикалық көрсеткіштерін жақсарту бағытында жұмыстар жасауда.

Күзет қызметінің дамуы – еліміздегі ұйымдастырушылық-құқықтық амалдармен мемлекеттік саясатты күшейту мен күзеттің күшейтілуіне бақылау жасау, негізгі мемлекеттік және стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-zet-yymdarymen-birlesip-zh-rgizgen-zh-mystardy-n-tizhesinde-161-y-b-zushyly-any-taldy-739450](https://yvision.kz/kk/post/k-zet-yymdarymen-birlesip-zh-rgizgen-zh-mystardy-n-tizhesinde-161-y-b-zushyly-any-taldy-739450)