---
title: "Көз дәрігерлер қоғамының семинар-кеңесі"
description: "Ағымдағы жылдың 15 наурызында Қостанай облыстық офтальмологиялық аурухана базасында көз дәрігерлер ..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2017-04-06T02:44:59+00:00"
modified: "2017-04-06T02:44:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-z-d-rigerler-o-amyny-seminar-ke-esi-762673"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-z-d-rigerler-o-amyny-seminar-ke-esi-762673/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көз дәрігерлер қоғамының семинар-кеңесі

> Ағымдағы жылдың 15 наурызында Қостанай облыстық офтальмологиялық аурухана базасында көз дәрігерлер ...

![1](https://storage.yvision.kz/images/user/deptruda-sockst/KB1t769Vg3OP2ssS6sWn8aOfh3600r.jpg)

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Қостанай облыстық офтальмологиялық аурухана базасында көз дәрігерлер қоғамының семинар-кеңесі өтті. «3 жыл ішінде облыста көз аурулары бойынша мүгедектікті талдау» тақырыбындағы баяндамамен №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Б.М.Досмұхамбетова сөз сөйледі.

Сонымен қатар қатысушылар «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ақпараттандырылды мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне жаңа іс-шаралар енгізілді.

Кездесу белсенді және сындарлы арнада өтті. Барлық қызықтыратын сұрақтарға толық жауаптар берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-z-d-rigerler-o-amyny-seminar-ke-esi-762673](https://yvision.kz/kk/post/k-z-d-rigerler-o-amyny-seminar-ke-esi-762673)