---
title: "«Көзқарас» бағдарламасы"
description: "«Көзқарас» - қазіргі қазақ телеаймағындағы көрермен мен лауазымды тұлғалар арасындағы телекөпір болы..."
author: "Jansaya"
published: "2014-10-07T04:23:00+00:00"
modified: "2014-10-07T04:26:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-z-aras-ba-darlamasy-432889"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-z-aras-ba-darlamasy-432889/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Көзқарас» бағдарламасы

> «Көзқарас» - қазіргі қазақ телеаймағындағы көрермен мен лауазымды тұлғалар арасындағы телекөпір болы...

*«Көзқарас» - қазіргі қазақ телеаймағындағы көрермен мен лауазымды тұлғалар арасындағы телекөпір болып отырған бағдарлама.*

**

Хабарды өмірді көрген, тәжірибелі саясаткер Ирак Елекеев жүргізеді. Бағдарлама екі адамның ашық әңгімесі форматында құрылған.

![«Көзқарас» бағдарламасы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/W7xOEiOsYVzE2vlFfQl6iNJj5BjUSL.jpg)

Көтерілген тақырыпты аша түсу үшін бейнесюжеттер, эфирге тікелей қосылған көрермен мен кәсіби маманның пікірі пайдаланылады. Қарапайым халық пен шенеунік арасын жақындатуда әлеуметтік желілер де тиімді қолданылады.

«Көзқарас» бағдарламасының жүргізушісі – Ирак Елекеев өзінің бағдарламаны жүргізуі жайлы ойы:

> «Журналистика, филология мамандығын бітірмеген мен үшін жүргізуші болуға келісім беру оңай болған жоқ».

![«Көзқарас» бағдарламасы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/UbAZjppW5jlVH5PY0iaHcFxc1qr2CU.jpg)

Алайда, батылдық, алғырлық, заң саласындағы және саяси қызметтегі көп жылдық тәжірибесі мен сұхбат жүргізудегі икемділік, әңгімені қызықтыра білу қабілеті тікелей эфирде жұмыс істейтін жүргізуші Ирак Елекеевтің басты қаруына айналды.

![«Көзқарас» бағдарламасы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/7JXx1CiNEz82V2TBNJg6u8e78aP4rB.jpg)

Өмірде ұстанатын ең басты қағидасы – әділ болу, адамның көзіне қарап шындықты айта білу. Саяси және тарихи әдебиетті құмартып оқиды.

![«Көзқарас» бағдарламасы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/o0S4gqE0r2bbUk6U8Zz6H6DBThfr56.jpg)

Эфир уақыты: дүйсенбі-бейсенбі, сағат **17.15** (қайталауы 23.20-да)

Жүргізуші: белгілі заңгер, Қоғам қайраткері Ирак Елекеев Продюсер: Н.Ынтайбекова Редактор: А.Дүйсенбі Режиссер: Н.Дауырбаева, Б.Мұстафин Тікелей эфир телефоны: 8(7172) 55 37 10 e-mail: [yntaibekova@khabar.kz](mailto:yntaibekova@khabar.kz)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-z-aras-ba-darlamasy-432889](https://yvision.kz/kk/post/k-z-aras-ba-darlamasy-432889)