---
title: "«Күз аңыздары» драмасы – Ұлттық арнада"
description: "Режиссері - Эдвард Цвик. Бұл фильм ағайынды үш жігіт пен олардың әкесі, сонымен қатар, бәрінің өмір..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-06T00:51:13+00:00"
modified: "2015-09-06T00:51:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-z-a-yzdary-dramasy-ltty-arnada-536689"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-z-a-yzdary-dramasy-ltty-arnada-536689/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Күз аңыздары» драмасы – Ұлттық арнада

> Режиссері - Эдвард Цвик. Бұл фильм ағайынды үш жігіт пен олардың әкесі, сонымен қатар, бәрінің өмір...

Режиссері - Эдвард Цвик.

![«Күз аңыздары» драмасы – Ұлттық арнада](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/kCxI04CnZi67xW718KKq315BDBaFOq.png)

Бұл фильм ағайынды үш жігіт пен олардың әкесі, сонымен қатар, бәрінің өмірін өзгерткен сұлу әйел туралы.

Ешқашан ажырамастай бірге өскен үш бала өмірдің қандай қаталдығына ұшырайтынын әзірге білмейді.

Өсе келе махаббат пен сатқындықтың, үміт пен күдіктің не екенін танып біледі. Брэд Питт, Энтони Хопкинс, Эйдан Куинн басты рөлдерін сомдаған «Күз аңыздары» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:25-те тамашалай аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-z-a-yzdary-dramasy-ltty-arnada-536689](https://yvision.kz/kk/post/k-z-a-yzdary-dramasy-ltty-arnada-536689)