---
title: "Күйеуіңізге АНА емес, ӘЙЕЛ болыңыз!"
description: "Сіз өзіңіздің күйеуіңізге қандай рөлді ойнап жүргеніңізді анықтап алыңыз. Дәл қазір сіз анасыз немес..."
author: "ernurinfo"
published: "2018-09-26T06:18:08+00:00"
modified: "2018-09-26T06:18:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-yeui-izge-ana-emes-yel-boly-yz-815307"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-yeui-izge-ana-emes-yel-boly-yz-815307/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Күйеуіңізге АНА емес, ӘЙЕЛ болыңыз!

> Сіз өзіңіздің күйеуіңізге қандай рөлді ойнап жүргеніңізді анықтап алыңыз. Дәл қазір сіз анасыз немес...

Сіз өзіңіздің күйеуіңізге қандай рөлді ойнап жүргеніңізді анықтап алыңыз. Дәл қазір сіз анасыз немесе әйелсіз. Ана мен әйелдің айырмашылығы бар.

Егер де олардың екеуі де бір міндетті атқаратын болса оларға бір ғана атау берілер еді. Ананың перзенттің болашағы жөніндегі алатын орны белгілі, бірақ, сіз күйеуіңіз үшін де ананың ролін алмаңыз. Отбасының жағдайы, берекесі, перзенттердің келешегі мен бақытты өмірі әйелдің өмірде өзіне еншілеп алған «ӘЙЕЛ» немесе «АНА» позицияларына тікелей байланысты. Әйел затына тиісті болған борыштар мен парыздар толығымен әйелге ғана тиісті. Бірақ, оның барлығы АНАға тиісті емес.

Себебі, «АНА» болу еркектің әйелдің қамқорлығына мұқтаждығын білдіреді. Ер адамның мінезі басым әйелдер «АНА» роліне бейім болады. Себебі, ана- қорғаушы, қамқоршы, асырап-бағушы.

![Күйеуіңізге АНА емес, ӘЙЕЛ болыңыз!](https://storage.yvision.kz/images/user/407923/60b35c75c9111b3c36ea3174341467.jpg)

Яғни, ол әйелдің сұлбасындағы «ер адам». Баласы үшін жанын беруге әзір, баласына қауіп-қатер төнгенде баласын құтқару үшін сол қауіпке өз басын тіккен, қорқынышты болса да жыртқыштармен алысып, баласының өмірін сақтап қалуға тырысқан аналар жайлы кім естімеді?!

Ананың құдіреті деген сол, ол өзі туған перзенті үшін ажалмен бетпе-бет келуден де тайсалған емес. Ал «ӘЙЕЛдің» қолынан мұндай ержүректік келмейді. Өйткені, ол - әйел. Әйелдердің өздері алып күштің иесі еркектерге сенім артады. Олардың қорғауына, қамқорлығына мұқтаж.

Ол - нәзік. Сондықтан, ер-азаматтар әйелдерге (аналарға емес) қамқорлық етуді, қорған болуды ұнатады. Олар нағыз әйелдің жанында өзін күшті сезінеді. Демек, еркектерге ӘЙЕЛ керек.

Толығырақ: http://ernur.kz/tarbiye/kuieuinizge-ana-emes-female-bolynyz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-yeui-izge-ana-emes-yel-boly-yz-815307](https://yvision.kz/kk/post/k-yeui-izge-ana-emes-yel-boly-yz-815307)