---
title: "Кәсіподақтар мемлекеттік аппараттың дамуына үлес қосуға дайын"
description: "Ағымдағы жылғы 29 наурызда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті басшыс..."
author: "finpolsko"
published: "2016-03-29T05:35:16+00:00"
modified: "2016-03-29T05:35:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sipoda-tar-memlekettik-apparatty-damuyna-les-osu-a-dayyn-686085"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sipoda-tar-memlekettik-apparatty-damuyna-les-osu-a-dayyn-686085/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кәсіподақтар мемлекеттік аппараттың дамуына үлес қосуға дайын

> Ағымдағы жылғы 29 наурызда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті басшыс...

![Кәсіподақтар мемлекеттік аппараттың дамуына үлес қосуға дайын](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/9P4g1zQhFEAYmwMoMGr439hKHZW9Cj.jpg)

Ағымдағы жылғы 29 наурызда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Н. Зайцева «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтар маңызы» тақырыбында өткен семинарға қатысты.

Семинарды ҚР Кәсіподақтар федерациясының оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы және өңіріміздің Кәсіподақ орталығы бірлесе ұйымдастырды.

![Кәсіподақтар мемлекеттік аппараттың дамуына үлес қосуға дайын](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/T68KO7FJjq8tZNLlI1ocDgE3vyWljg.jpg)

Кездесуді ашқан Кәсіподақ орталығының төрайымы Ж.Қ. Ахметова, еңбек қатынастарын одан әрі жетілдіру мақсатында қабылданған жаңа заңнамада ұжымдық шарттың алатын орны ерекше екендігін атап өтті. Келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасасу үрдістері талаптарының күшеюіне байланысты жауапкершілік жүгі де артты.

Орын алған өзгерістер, сондай-ақ Еңбек кодексінің ережелерін тәжірибе жүзінде пайдалану жолдары туралы толығырақ ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Г.А. Жұмагелдиева баяндады.

Департамент басшысының орынбасары Светлана Зайцева жиынға қатысушыларды мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу саласындағы заңнамаға енген өзгерістерімен таныстырды.

Әсіресе, жүргізіліп жатқан реформалар аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша мәселелерге ерекше назар бөлінгендігі айтылды.

![Кәсіподақтар мемлекеттік аппараттың дамуына үлес қосуға дайын](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/4RX709SkWt17e0R1RgH444a75AR883.jpg)

- Бұдан былай Министрлік мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаумен айналысатын болады. Бұл мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттырудағы ұтымды әдістердің бірі болып табылады. Департаментпен тоқсан сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізіледі. Аталған бағытта облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы, СҚО ІІД әкімшілік полициясы және «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты кәсіподақ ұйымдарын белсенділік танытып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамын, деді Светлана Зайцева.

![Кәсіподақтар мемлекеттік аппараттың дамуына үлес қосуға дайын](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/FmExkreEZXk6Qg6Z2Y2rmNVQ8Cb82r.jpg)

Кездесуге кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіпорындар мен мекемелер басшылары, персоналды басқару қызметтерінің жұмысшылары мен заңгерлер қатысты. Олардың әрқайсысына күнделікті жұмыста пайдалану үшін әдістемелік құралдар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-sipoda-tar-memlekettik-apparatty-damuyna-les-osu-a-dayyn-686085](https://yvision.kz/kk/post/k-sipoda-tar-memlekettik-apparatty-damuyna-les-osu-a-dayyn-686085)