---
title: "Кәсіпкерлерден бастап студенттерге дейін бопсалаған..."
description: "Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің хабарлауынша,.жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың..."
author: "orazali"
published: "2024-04-01T04:40:01+00:00"
modified: "2024-04-01T04:41:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sipkerlerden-bastap-studentterge-deyin-bopsala-an-iri-ylmysty-top-ry-taldy-1002878"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sipkerlerden-bastap-studentterge-deyin-bopsala-an-iri-ylmysty-top-ry-taldy-1002878/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кәсіпкерлерден бастап студенттерге дейін бопсалаған...

> Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің хабарлауынша,.жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың...

*Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/018ac751edc62f19cd398c82c5aec3.jpg)

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің хабарлауынша,.жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталған. Жәбірленушілер - “Қармет” АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері.

Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.

"Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, – дейді Шыңғыс Әлекешев. Polisia.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-sipkerlerden-bastap-studentterge-deyin-bopsala-an-iri-ylmysty-top-ry-taldy-1002878](https://yvision.kz/kk/post/k-sipkerlerden-bastap-studentterge-deyin-bopsala-an-iri-ylmysty-top-ry-taldy-1002878)