---
title: "Кәсіби PR-қызметтің ерекшеліктері"
description: "Кез келген қызметті жетілдірутехнологиялық процестерді стандарттау әдістеріне сүйенеді.Бұл жерде нег..."
author: "abdi_inka_01"
published: "2012-02-20T01:48:26+00:00"
modified: "2012-02-20T01:48:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-pr-yzmetti-erekshelikteri-227659"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-pr-yzmetti-erekshelikteri-227659/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кәсіби PR-қызметтің ерекшеліктері

> Кез келген қызметті жетілдірутехнологиялық процестерді стандарттау әдістеріне сүйенеді.Бұл жерде нег...

Кез келген қызметті жетілдіру технологиялық процестерді стандарттау әдістеріне сүйенеді.Бұл жерде негізгі термин-«әдіс» термині.Алған білімді іс жүзінде пайдаланумен байланысты әдістердің бірігуі «технология»терминімен белгіленеді. Кей жағдайда «жанр»термині қолданылады.Басқару теориясында негіз ретінде философиялық терминді пайдаланады: «белгілі бір мақсатқа жету үшін басқаратын субъектінің басқарылатын объектіге әсер ету тәсілдері»әдістің негізінде жатады.Ең әуелі назар аударатын нәрсе:әлдеқайда тұрақсыз,диффузияға бейім болып келетін журналистика немесе жарнамадан кіріктіріліп алынған аралас коммуникациямен жұмыс атқаратындығымыз.Дәл осы сәт PR-қызметтің ерекшелігін анықтауға тырысып жүрген зерттеушілерді тұйыққа тірейді.Мысалы,И.Л.Викентьев,коммуникациялық технологиялар саласындағы тренингтер мен консалтингке маманданған «Триз-Шанс» фирмасының құрушысы, «PR-қызмет пен жарнаманың арасында ешқандай да Қытай қорғаны жоқ деп есептейді.

PR-қызметтің алғашқы тобына апробацияланған әдістер болып:журналистика немесе қауесет әдістері арқылы құрылған күн тәртібі;шерулер,демонстрациялар және басқа да қарсылық немесе қолдау шаралары;диспуттар,қоғамдық дискуссиялар табылады.

Екінші тобына әмбебап әдістер болып:пресс-конференция-лар,презентациялар,лоббилау әрекеттері,мифтер мен аңыздар табылады.

Үшінші топ –әлеуметтік дәреже үшін күреседі

АҚШ-та жылына маркетинг пен пиарға мемлекеттік қордан 2 миллиард $ бөледі.Бұл өз кезегінде АҚШ-тың қоғаммен байланыс саласына қаншалықты көңіл бөлетінін көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-pr-yzmetti-erekshelikteri-227659](https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-pr-yzmetti-erekshelikteri-227659)