---
title: "«Кәсіби даму. Жастардың бос уақыты. Жұмыспен қамту»"
description: "Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» дискуссиялы..."
author: "zhasotan_bko"
published: "2015-02-17T08:22:36+00:00"
modified: "2015-02-17T08:22:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-damu-zhastardy-bos-ua-yty-zh-myspen-amtu-470759"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-damu-zhastardy-bos-ua-yty-zh-myspen-amtu-470759/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Кәсіби даму. Жастардың бос уақыты. Жұмыспен қамту»

> Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» дискуссиялы...

Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» дискуссиялық клубының кезекті отырысы өтті. Әрдайым дискуссиялық клуб қатысушылары жастардың өзекті мәселелерін, мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ әр түрлі елде болып жатқан өзгерістерді талқылап отырады. Бүгінгі кезекті отырыста «Кәсіби даму. Жастардың бос уақыты. Жұмыспен қамту» секілді айтулы мәселелер көтерілді.

Ораш Нұрхат, «Жас экономист» ЖҚБ төрағасы:
- Менің ұсынысым, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтіп жатқан жастарға әр екі ай сайын тест сынағын өткізіп отыру керек. Егер машықкер тиісті деңгейде жауап бере алмаса, оның орнына басқа жас маманды орналастыру керек.

Дүйсенбаев Төрехан, М.Өтемісов атынд. БҚМУ студенттік ректоры:
- Биылғы айтулы даталарға орай, оқу орындарының апталықтарын өткізу. Мысалы, кез-келген оқу орны басқа оқу орындарының студенттерін шақыра отырып әр түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастыру. Олар спорттық жарыстар, ардагерлермен кездесу, ғылыми конференциялар. Міне, осындай шаралар жастардың уақытын тиімді қарай бағытталған үлкен қадам болар еді.

![«Кәсіби даму. Жастардың бос уақыты. Жұмыспен қамту»](https://storage.yvision.kz/images/user/zhasotan_bko/WiWbNpSVEiwjFwHuzg6tHIoIH7xet4.jpg)

![«Кәсіби даму. Жастардың бос уақыты. Жұмыспен қамту»](https://storage.yvision.kz/images/user/zhasotan_bko/bS7FU6T7QlOr8he2F356VnbF1uNeVC.jpg)

![«Кәсіби даму. Жастардың бос уақыты. Жұмыспен қамту»](https://storage.yvision.kz/images/user/zhasotan_bko/su174BSFn7LO8rIUcUFUm1iadO94Mj.jpg)

![«Кәсіби даму. Жастардың бос уақыты. Жұмыспен қамту»](https://storage.yvision.kz/images/user/zhasotan_bko/Pq0Gc8W4CJPB2y4ypGPC0I3UIpCY2o.jpg)

![«Кәсіби даму. Жастардың бос уақыты. Жұмыспен қамту»](https://storage.yvision.kz/images/user/zhasotan_bko/aF5TUQ6szI600shVrX6vhv2w21Qe7p.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-damu-zhastardy-bos-ua-yty-zh-myspen-amtu-470759](https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-damu-zhastardy-bos-ua-yty-zh-myspen-amtu-470759)