---
title: "Кәсіби біліктілік – жарқын болашақ кепілі"
description: "Кәсіптік білім беру – заман талабы. «Оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2012-02-28T10:01:54+00:00"
modified: "2012-02-28T10:01:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-biliktilik-zhar-yn-bolasha-kepili-232820"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-biliktilik-zhar-yn-bolasha-kepili-232820/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кәсіби біліктілік – жарқын болашақ кепілі

> Кәсіптік білім беру – заман талабы. «Оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау...

Кәсіптік білім беру – заман талабы. «Оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау» бастамасы Алматы облысында қолдау тапты. Түрлі жұмысшы кадрларды оқытатын Талғар қаласындағы №4 кәсіптік лицей жергілікті билікпен кеңесіп, сұранысқа лайық мамандық қатарын ұлғайтпақшы.

Талғар қаласындағы №4 кәсіптік лицейде қазір 600-ге жуық бала оқиды. Олар газэлектрдәнекерлеуші, аспаз, тігінші, автомобиль жөндеуші және электромонтер мамандықтары бойынша білім алады. Мұнда атаулы кәсіп түрін меңгеруге бар жағдай жасалған.

Электргаздәнекерлеуші. Бұл кәсіп иелері қазір қай жерде болмасын сұранысқа ие. Тұрмыстың кез-келген саласына қажет. Табысы да жаман емес. Сондықтан, бұл мамандықты таңдаушылар да көп.

Дидар Қасен, электргаздәнекерлеуші: Қазір ең керекті мамандық ол сварка. Түрлі ғиммараттарды барлық жерде бұл істі игеріп кетуде өзімді дайындаймын. Келешекте осы мамандық менің нанымды табатын кәсіп болады.

Ал Гүлзия болса, ауыл шаруашылығына қажетті электр құралдарын жөндеуші. Оқуға биыл ғана түскен ол, алдымен аспаздықтың қыр-сырын үйренді. Бірақ, тумысынан техникаға жақындығынан болар, электромонтер болуға бел байлайды.

Гүлзия Берік, электромонтер: Маған бұл электромонтер мамандығы өте қызықты болды. Себебі, ток жүйесін білу әр адамға қажет деп ойлаймын. Негізінен ұл балаларға ғана емес, қыз балаларға да негізгі мамандықтың бірі. Мен мысалы келешекте диспетчер-электромонтер боламын деп есептеймін.

Білікті маманға сұраныс та көп. Сондықтан, білім ұжымы жергілікті билік, аудан кәсіпкерлерімен кеңесіп, алдағы уақытта өзге де мамандықты оқытуды қолға алмақ. Бұл өз кезегінде жұмыссыздар санын кемітпек дейді мамандар.

Райхан Жүлімбетова, Талғар аудандық халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту бөлімі бастығының орынбасары: Статистика бойынша ауданда 4 мыңнан аса тұрғын жұмыссыз. Оның 2400 еңбекпен қамту бөліміне тіркелген. Жұмыссыздық 0,2 пайыз. Өткен жылы 336 жұмыссызды оқыттық. Оның 116 осы лицейде мамандық алды.

Ал биыл жергілікті басшылық өндіріс орындарын кеңейтіп, жаңа цехтар мен халыққа қызмет көрсету нысандарын ашып 1300 жұмыс орнын ұйымдастырмақ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-biliktilik-zhar-yn-bolasha-kepili-232820](https://yvision.kz/kk/post/k-sibi-biliktilik-zhar-yn-bolasha-kepili-232820)