---
title: "Қ.Көшербаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты"
description: "Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-24T10:44:18+00:00"
modified: "2016-09-30T05:58:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sherbaev-n-rly-zhol-ba-darlamasy-ayasynda-salynyp-zhat-an-t-r-yn-ylerdi-rylysymen-tanysty-713463"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sherbaev-n-rly-zhol-ba-darlamasy-ayasynda-salynyp-zhat-an-t-r-yn-ylerdi-rylysymen-tanysty-713463/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қ.Көшербаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

> Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын ...

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

![Қ.Көшербаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/zZcb3jZD6y74vuZejEStc0844ke2dT.jpg)

Көбінесе, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы Жаппасбай батыр көшесі мен Титов мөлтек аудандарындағы 680 пәтерлік 14 көпқабатты үйдің құрылысымен танысты. Жобаның жалпы құны 6 млрд. 222 млн. теңгені құрайды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер жыл соңына дейін ел игілігіне табысталады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сондай-ақ аймақ басшысы Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысының жұмыстарына куә болды. 2014 жылдың маусымында басталған құрылыс биыл қараша айында толықтай аяқталады. Жобаның жалпы құны 5,975 млрд. теңгені құрайды. «Мостостроительный-25» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – аталмыш жобаның мердігер мекемесі.

Көпірдің ұзындығы - 386,82 метр, ал ені 22,4 метрге жетеді. Ол 9 тіректен (опора) және 8 аралықтан (пролет) құралған. Құрылыс толықтай аяқталысымен, Қаланың оң жақ жағалауын игеру жұмыстары басталады.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-sherbaev-n-rly-zhol-ba-darlamasy-ayasynda-salynyp-zhat-an-t-r-yn-ylerdi-rylysymen-tanysty-713463](https://yvision.kz/kk/post/k-sherbaev-n-rly-zhol-ba-darlamasy-ayasynda-salynyp-zhat-an-t-r-yn-ylerdi-rylysymen-tanysty-713463)