---
title: "Қ.Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті"
description: "Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті, деп х..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-21T06:24:39+00:00"
modified: "2013-11-21T06:24:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sherbaev-aysar-futbol-klubyna-syyly-beruge-u-de-etti-385965"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sherbaev-aysar-futbol-klubyna-syyly-beruge-u-de-etti-385965/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қ.Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті

> Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті, деп х...

[!\[Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/6krymbek1-237x300.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/6krymbek1.jpg)

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті, деп хабарлайды [BNews.kz](http://bnews.kz/kk/) тілшісі.

«Қайсар» Бірінші лигада алғашқы орынға ие болып, Премьер-лигаға өтті. Онда бәсекелестік арта түседі, — деді әкім спортшылармен кездесуінде. – Онда сенімсіздік деген болмау керек. Менің ойымша, «Қайсар» Премьер-лигада жақсы ойын көрсетеді. Біздің тарапымыздан да спортшыларға барлық жағдай жасалуда. Алдағы жылы біз 3000 орынға арналған жаңа, төбесі жабық стадионның құрылысын бастаймыз. Біз спортшыларға сыйлық ретінде жаңа стадион саламыз».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-sherbaev-aysar-futbol-klubyna-syyly-beruge-u-de-etti-385965](https://yvision.kz/kk/post/k-sherbaev-aysar-futbol-klubyna-syyly-beruge-u-de-etti-385965)