---
title: "Көшелер қардан тазартылды"
description: "«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалынның қоғамдық қабылдауына қаланың шеткі ауданда..."
author: "Vk16.amanat.kz"
published: "2021-02-10T04:52:21+00:00"
modified: "2021-02-10T04:52:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sheler-ardan-tazartyldy-921163"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-sheler-ardan-tazartyldy-921163/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көшелер қардан тазартылды

> «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалынның қоғамдық қабылдауына қаланың шеткі ауданда...

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалынның қоғамдық қабылдауына қаланың шеткі аудандарында тұратын тұрғындар көшелерді қардан тазалау үшін көмек сұрап жүгінуде.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанынан бастап тұрғындардың өтініші бойынша келесі көшелер қардан тазартылды: Ескі Согра кентіндегі Тальниковая, Сибирская, Сосновая, Титановая, Арматурный кентіндегі "Дарья" балабақшасының аумағы, "Восточник-5" ПСТ және Жаңа Согра кентіндегі Менделеев көшесі бүгінде қардан толықтай тазартылды.

Мәселенің оң шешілуіне Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың депутаты А.Т. Мамутова ықпал етті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-sheler-ardan-tazartyldy-921163](https://yvision.kz/kk/post/k-sheler-ardan-tazartyldy-921163)