---
title: "Көршілес екі елдің басшылары гала-концертке барды"
description: "Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті. Бұдан бөлек, концертте «Астана..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-18T15:38:33+00:00"
modified: "2024-04-18T15:39:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rshiles-eki-eldi-basshylary-gala-koncertke-bardy-1003675"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rshiles-eki-eldi-basshylary-gala-koncertke-bardy-1003675/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көршілес екі елдің басшылары гала-концертке барды

> Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті. Бұдан бөлек, концертте «Астана...

*Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/783ee18b2ba754d7e414f696299e83.jpg)

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/d1fa5eb9a84ff51b58c651e7b25b30.jpg)

Бұдан бөлек, концертте «Астана опера»мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/510d9602aab9a0138cc1e24e2edbbe.jpg)

Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/ebe6d1a07ad2cc2a5f60f11a4bcb88.jpg)

Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегация мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-rshiles-eki-eldi-basshylary-gala-koncertke-bardy-1003675](https://yvision.kz/kk/post/k-rshiles-eki-eldi-basshylary-gala-koncertke-bardy-1003675)