---
title: "Көршілер 11.04.2011."
description: "Сіз неше рет пара беріп көрдіңіз? “Жоқ, берген емеспін” десеңіз, әй қайдам, сізге ешкім сене қоймас!..."
author: "Sosedi"
published: "2011-04-11T04:08:12+00:00"
modified: "2011-04-11T04:08:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rshiler-11-04-2011-142918"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rshiler-11-04-2011-142918/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көршілер 11.04.2011.

> Сіз неше рет пара беріп көрдіңіз? “Жоқ, берген емеспін” десеңіз, әй қайдам, сізге ешкім сене қоймас!...

Сіз неше рет пара беріп көрдіңіз? “Жоқ, берген емеспін” десеңіз, әй қайдам, сізге ешкім сене қоймас! Экономикалық індет бұрындары бизнес қажеттіліктен туындаса, қазір өкінішке орай, біздің қоғамда да заңсыз ақша ұсыну әдетке айнала бастады. Жалпы жемқорлықтың тамыры әлемде тереңге кеткендіктен, оған балта шабу мүмкін болмай отыр. Жемқорлықпен күрестің қандай әдістері бар екен, болса нәтижелері қандай?

“Көршілерде” пара берген адам да, басты күрескерлер де қатысып қызықты жағдайларды ортада талқылайды. Дау да жоқ емес. Себебі елдегі кәсіпкерлер жемқорлықпен күресудің қажеті жоқ, оны заңдастыру керек десе, келесі бір топ ату жазасын енгізуді ұсынады. Ең бастысы – осы «Көршілер» ток-шоуының аясында, жалпы Қазақстандағы республикалық арнада тұңғыш рет «Шындық детекторы» (Детектор лжи) шынайы түрде сынақтан өткізіледі. Сондықтан 4 сәуірде сағат 22:40-та бар назарыңызды Ұлттық арнаға аударыңыз!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-rshiler-11-04-2011-142918](https://yvision.kz/kk/post/k-rshiler-11-04-2011-142918)