---
title: "Кұрметті АРУЛАР мейрамдарыңызбен!"
description: "Арулар Арулар -асыл жандар! Шуақ боп шашылғандар, Қуат боп тасынғандар, Құшақ боп ашылғандар, Арула..."
author: "zhake_altai"
published: "2012-03-08T00:32:03+00:00"
modified: "2012-03-08T00:32:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rmetti-arular-meyramdary-yzben-238357"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rmetti-arular-meyramdary-yzben-238357/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кұрметті АРУЛАР мейрамдарыңызбен!

> Арулар Арулар -асыл жандар! Шуақ боп шашылғандар, Қуат боп тасынғандар, Құшақ боп ашылғандар, Арула...

Арулар

*Арулар -асыл жандар!*

*Шуақ боп шашылғандар,*

*Қуат боп тасынғандар,*

*Құшақ боп ашылғандар,*

*Арулар -асыл жандар!*

*Арулар -асыл жарлар!*

*Арулар -әрбір үйдің шаңырағы,*

*Әрбір үйге от болып жағылады.*

*Әрбір үйде таң болып атты дағы,*

*Әрбір үйге сәуле боп жамырады.*

 

*Жимайды - ау бір шашылған шуақтарын,*

*Саясына келеді ау, шуақтағың.*

*Жамандыққа қиярсың қалай ғана,*

*Жинаған бір бір үйдің шырақтарын.*

 

*Арулар -асыл жарлар, сағыныштар,*

*Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...*

*Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,*

* Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.*

 

*Арулар -аяулылар, ардақтылар,*

*Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.*

*Арулар - тіршілікке күре тамыр,*

*Өмірдің бір- біріне жалғап тұрар.*

 

*МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ *

* *

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-rmetti-arular-meyramdary-yzben-238357](https://yvision.kz/kk/post/k-rmetti-arular-meyramdary-yzben-238357)