---
title: "Кәріс тілі кімге керек?!"
description: "Бүгін мынадай бір көрініске куә болдық. Кәріс тілін үйрену үшін білім орталығында (меніңше, аталған ..."
author: "Fvfylsr"
published: "2019-08-26T13:39:18+00:00"
modified: "2019-08-26T13:39:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ris-tili-kimge-kerek-839395"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ris-tili-kimge-kerek-839395/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кәріс тілі кімге керек?!

> Бүгін мынадай бір көрініске куә болдық. Кәріс тілін үйрену үшін білім орталығында (меніңше, аталған ...

Бүгін мынадай бір көрініске куә болдық. Кәріс тілін үйрену үшін білім орталығында (меніңше, аталған орталық Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі жанында құрылған) кезекте тұрып, жазылып жатқан жастардың 90 проценті қаракөз ұлдарымыз бен қыздарымыз екен! Негізі Алтай тілдері тобына жататын кәріс тілі ағылшын не испан тілі сияқты кең таралған тіл емес. Әрі кетсе қос Кореядан өзге, Қытай мен Жапониядағы, АҚШ пен бұрынғы ТМД елдеріндегі диаспора өкілдері ғана қолданады. Бірақ, кәріс киносы, кәріс музыкасы мен кәріс асханасы деген тақырыптар жастар арасында қатты қызығушылық тудырып, олардың кәріс тілін үйренуіне алып келіп жатыр. Былайша айтқанда мәдени экспансия деп айтар едім, әрине, олардың саясаты дұрыс, бірақ ана тілімізге де сондай іңкәрілік болса ғой деп ойлап қалдым. Дегенмен, аға буын өкілдерінің кейде жастарға сыни көзқараспен қарайтынын білемін. Жалпы, қазақ халқы, оның ішінде қазақ жастары өте білімді, кем дегенде екі, тіпті үш тіл білетіні қуантады. Мәселен, үлкен қыз балам француз тілін, кіші қыз балам кәріс тілін үйреніп жатыр, әрине, ана тілі мен орыс тілінен өзге түрік және ағылшын тілдерін біледі. Ал, үлкен ұл украинша сайрап кетіпті, ал, мен ең болмаса түркішіл болайын деп, түрік тілін үйреніп жүрмін. Жалпы, тағы бір байқағаным, түркі тілі оңайлатылған тіл екен. Қазақ тілін оқытуда түрік тілін үйрену, оқыту тәжірибесін негізге алу қажет деп те ойлаймын!

Сурет Интернеттен алынды!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-ris-tili-kimge-kerek-839395](https://yvision.kz/kk/post/k-ris-tili-kimge-kerek-839395)