---
title: "Кәрім Мәсімов Президенттен кешірім беруді сұрады"
description: "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық жасауды өтінді. Фотоколлаж: golos-naroda.kz Бұл туралы Informburo.kz жазды. Интернет-басылымның хабарлауынша, қазір Мәсімов..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-10T07:13:19+00:00"
modified: "2024-06-10T07:13:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rim-m-simov-prezidentten-keshirim-berudi-s-rady-1005477"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rim-m-simov-prezidentten-keshirim-berudi-s-rady-1005477/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кәрім Мәсімов Президенттен кешірім беруді сұрады

> Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық жасауды өтінді. Фотоколлаж: golos-naroda.kz Бұл туралы Informburo.kz жазды. Интернет-басылымның хабарлауынша, қазір Мәсімов...

*Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық жасауды өтінді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/714418b2b89611136023346b85b127.jpg)

*Фотоколлаж: golos-naroda.kz*

Бұл туралы [Informburo.kz](https://informburo.kz/) жазды.

Интернет-басылымның хабарлауынша, қазір Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде ҰҚК тергеу қапасында отыр.

«Оның (Кәрім Мәсімовтің – ред.) 2024 жылдың наурызында сол мекемеде отырып Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім беру туралы өтінішхат жолдағаны рас», – делінген ҰҚК-ның басылым сауалына жауабында.

Сондай-ақ, онда Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігінің 3-пункті (Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге мүлікті заңдастыру (ізін жасыру) және 366-бабының 4-бөлігі (Ірі көлемде пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған.

Айта кетейік Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған еді. 2023 жылы сәуірдің аяғында Астана соты оны мемлекетке сатқындық жасағаны, билікті күшпен басып алуға талпынғаны, билік пен қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-rim-m-simov-prezidentten-keshirim-berudi-s-rady-1005477](https://yvision.kz/kk/post/k-rim-m-simov-prezidentten-keshirim-berudi-s-rady-1005477)