---
title: "Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі: «Сөзді алып таста» деген жоқпын"
description: "– Тараз қаласының кіреберісіндегі қақпада жазылған Фирдоусидің: «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Таразда..."
author: "makala"
published: "2014-10-19T23:44:09+00:00"
modified: "2014-10-19T23:44:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rim-k-kirekbaev-zhambyl-oblysyny-kimi-s-zdi-alyp-tasta-degen-zho-pyn-434770"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rim-k-kirekbaev-zhambyl-oblysyny-kimi-s-zdi-alyp-tasta-degen-zho-pyn-434770/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі: «Сөзді алып таста» деген жоқпын

> – Тараз қаласының кіреберісіндегі қақпада жазылған Фирдоусидің: «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Таразда...

![«Сөзді алып таста» деген жоқпын](http://jasqazaq.kz/uploads/posts/2014-10/1413527473_karim.jpg)

– Тараз қаласының кіреберісіндегі қақпада жазылған Фирдоусидің: «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» деген сөзін алғызып тастаймын деп абыройсыз қалған жоқсыз ба? Айтыс­кер ақынның желік сөзіне құлақ аспай тұрып, облыстағы мәдениет майталмандарымен неге ақылдаспадыңыз?

Жауабы: «Мен ол сөзді алып таста деген жоқпын! Тек «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана таба­сың» деген жазуды махаббат аллеясына көші­руге қала әкіміне тапсырма бердім. Әуелде батыс қақпадағы маңдайшаға Тараздың тарихын жазып қойса деген ұсыныс болған. Тіпті сол ұсыныс ақын­дар айтысынан бұрын айтылған. Содан соң бізде айтыс өтіп, шым­кенттік бір ақынымыз осы мәселені қозғады. Жалпы, менің облыстағы осындай қақпаларда, маңдай­ша­ларда тұрған жазулардың барлығын тексеруге пәрмен бергенім рас. Сол себептен батыс қақпадағы біраз сөз алынып тасталды. Ал кейбіреулер бұл ісімізді ақын­дар айтысымен ғана байланыстырып, қазір соның төңірегінде көп әңгіме айтылуда». (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/til-policiaciy/syni-kozkaras/4189-sozdi-alip-tasta-degen-jokpin))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-rim-k-kirekbaev-zhambyl-oblysyny-kimi-s-zdi-alyp-tasta-degen-zho-pyn-434770](https://yvision.kz/kk/post/k-rim-k-kirekbaev-zhambyl-oblysyny-kimi-s-zdi-alyp-tasta-degen-zho-pyn-434770)