---
title: "Көрген,білген, ойға түйгендерім"
description: "Осыған дейінгі көрген білгендерімді осылай қорыттым. Осы сөздерім бір керектеріңізге жарап қалар дег..."
author: "Jahar"
published: "2014-02-23T04:37:44+00:00"
modified: "2014-02-23T04:37:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rgen-bilgen-oy-a-t-ygenderim-369258"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-rgen-bilgen-oy-a-t-ygenderim-369258/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көрген,білген, ойға түйгендерім

> Осыған дейінгі көрген білгендерімді осылай қорыттым. Осы сөздерім бір керектеріңізге жарап қалар дег...

Осыған дейінгі көрген білгендерімді осылай қорыттым. Осы сөздерім бір керектеріңізге жарап қалар деген ойдамын :
- Өзің-өзіңе ұнамай басқаға ұнай алмайсың!

- Ешқашан ешкімді өзіңнен кем санама, артық та санама. Алла барлығымызды тең етіп жаратқан.

- Ақылды болу деген әр нәрсенін өз орнын білу.

- Ең әлсіз адам- сылтау айтатын адам.

- Жеке тұлға болып қалыптасу өмірлік позицияның қалай құрылуына байланысты.

- Айналасындағыларды өзіне тек күштілер ғана еліктіре алады, ал әлсіздер тек еліктеп қалады.

- Адамның артықшылығы көргендігінде.

- Бір жанды түсіну үшін өзіңді сонын орнына қойып көр.

- Мінсіз адам болмайды. Ондай адам бар деп есептесең , сен оны дұрыс танымағансың.

- Адамның жауы- жалқаулық.

- Барлығы уақытша. Өтеді, кетеді. Тек ізі ғана қалады.

- Жаман адам болмайды. Тек жақсы бағаланбаған адамдар болады.

- Жоспарлама! Мақсат қой!

- Уақыт-ақша. Ақша-уақыт! Жақсы пайдалан ! Кейін өкінбейтіндей бол !

- Шекспир: «Весь мир - театр, а люди в нем - актеры!». Өз рөліңді өзің таңда! Режиссеріде өзің бол!

- Абай: «Жақсыдан үйрен , жаманнан жирен!».

- Бір уақыт ойлан не істеп жатқаның жайлы. Және анализ жасай біл сол ісіңе.

- Ешкімге өтірік айтпа ! Өзіңді біреу алдаса қандай боласың?

- Көрпеңе қарай көсіл. Жағдайыңа қара.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-rgen-bilgen-oy-a-t-ygenderim-369258](https://yvision.kz/kk/post/k-rgen-bilgen-oy-a-t-ygenderim-369258)