---
title: "Күрестен ҚР Кубогының жүлде қоры — 30 мың доллар"
description: "Астанада еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтіп жатқпн ҚР Кубогының жүлде қоры 30 мың доллар..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-10-30T09:59:29+00:00"
modified: "2014-10-30T09:59:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-resten-r-kubogyny-zh-lde-ory-30-my-dollar-436755"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-resten-r-kubogyny-zh-lde-ory-30-my-dollar-436755/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Күрестен ҚР Кубогының жүлде қоры — 30 мың доллар

> Астанада еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтіп жатқпн ҚР Кубогының жүлде қоры 30 мың доллар...

[!\[Күрестен ҚР Кубогының жүлде қоры — 30 мың доллар\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20141029163231.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20141029163231.jpg)

Астанада еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтіп жатқпн ҚР Кубогының жүлде қоры 30 мың долларды құрады. Бұл туралы бүгін «Дәулет» спорт кешенінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

«Бұл Кубоктың бұрынғылардан ерекшелігі — күрестің үш түрі бойынша жарыстың бір жерде өткізілуі. Екіншіден, бұл арқылы біз әр күрестің әр өңірде қаншалықты дәрежеде дамығанын біле аламыз. Үшіншіден, спорттық жекпе-жек конфедерациясы мен күрес федерациясы бірлесе отырып, 30 мың доллар көлемінде жүлде қорын тағайындады. Мұндай қомақты қаржы бірінші рет тігіліп отыр», — деп атап өтті Республикалық күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай. Оның айтуынша, жарысқа қатысатын 16 құрама 4 квартетке бөлінген. Осы төрттіктің жеңімпаздары өзара мықтыны анықтайды. Бүгін боз кілемде грек-рим күресінің балуандары белдесіп жатыр. Ал 31 қазан мен 1 қарашада еркін күрес шеберлері күш сынасады. 2 қараша күні спортсүйер қауым әйелдер арасындағы күресті көре алады. Жарыс «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Автор: [Әбу-Асқар Мекешұлы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/588) [!\[Күрестен ҚР Кубогының жүлде қоры — 30 мың доллар\](http://www.inform.kz/img3/ico_email.png)](mailto:seri_sardar@list.ru)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-resten-r-kubogyny-zh-lde-ory-30-my-dollar-436755](https://yvision.kz/kk/post/k-resten-r-kubogyny-zh-lde-ory-30-my-dollar-436755)