---
title: "Көптен көрінбей кеткен МС Сайлаубектің жаңа видеосы тарады"
description: "Сайлаубектің бұл видеосы бұрынғыдан өзгерек. Оны Нағима Барақ есімді Facebook қолданушысы өзінің..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-03T14:43:04+00:00"
modified: "2024-01-03T14:43:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-pten-k-rinbey-ketken-ms-saylaubekti-zha-a-videosy-tarady-999516"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-pten-k-rinbey-ketken-ms-saylaubekti-zha-a-videosy-tarady-999516/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көптен көрінбей кеткен МС Сайлаубектің жаңа видеосы тарады

> Сайлаубектің бұл видеосы бұрынғыдан өзгерек. Оны Нағима Барақ есімді Facebook қолданушысы өзінің...

Сайлаубектің бұл видеосы бұрынғыдан өзгерек. Оны Нағима Барақ есімді Facebook қолданушысы өзінің жеке парақшасына салған.

![Көптен көрінбей кеткен МС Сайлаубектің жаңа видеосы тарады](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/549647ea8a921b9e06a9f4bc71ea51.png)

Сайлаубек бұл видеода бұрынырақтағы қайтадан ішкілікке салынып кеткен кезіндегідей емес, жап-жақсы болып отыр. Өзі де, сөзі де ширақ. Ол жұртты жаңа жылмен құттықтаған.

«Ассалаумағалейкүм, құрметті Қосым Шеркеш бауырлар! Барлықтарыңа дұғай-дұғай отты, жалынды сәлем МС Сайлаубектен. Мына келе жатқан, келіп жеткен я болмаса жаңа жылдарың құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, мөлдір махаббат және де ұзақ өмір тілеймін», – депті МС Сайлаубек.

Жаңа видеоны көрген желі қолданушылары да оған жылы сөздерін арнап жатыр.

«Тіс салдырып әдемі жігіт болыпты», «Тәп-тәуір адам болыпты ғой. Енді ағылшынша үйреніп, шын рэп айтса», «Ажары кіріп, сөзі түзеліп адам болып қалған ба?», «Енді білімін жетілдіріп, музыкалық сауат алса, қазақтың да әндерін жақсы айтатын мықты әнші болса» дейді пікір жазушылар.

Бірақ видеоны желіге жүктеген Нағима Барақ (https://www.facebook.com/profile.php?id=100007745261638) МС Сайлаубектің әлі де ішіп жүргенін айтқан.

«Ішкенін қоймапты. Жаңажылдық кештерге қатысады. «Қабылдамаңдар» деген СМС тарап еді жаңа жыл алдында, босқа мазақ болады дегендей», – депті ол.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-pten-k-rinbey-ketken-ms-saylaubekti-zha-a-videosy-tarady-999516](https://yvision.kz/kk/post/k-pten-k-rinbey-ketken-ms-saylaubekti-zha-a-videosy-tarady-999516)