---
title: "«Көп тіл – бір әлем»"
description: "Өзге тіл – өмірге деген өзге көзқарас. Федерико Феллини Бүгінгі таңда бірнеше тілде сөйлейтін адам ..."
author: "finpolsko"
published: "2017-09-21T03:13:01+00:00"
modified: "2017-09-21T03:13:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-p-til-bir-lem-779395"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-p-til-bir-lem-779395/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Көп тіл – бір әлем»

> Өзге тіл – өмірге деген өзге көзқарас. Федерико Феллини Бүгінгі таңда бірнеше тілде сөйлейтін адам ...

![«Көп тіл – бір әлем»](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/k9LB8vLJk80efPd37g9z2wl3Rk2480.jpg)

Өзге тіл – өмірге деген өзге көзқарас.

Федерико Феллини

Бүгінгі таңда бірнеше тілде сөйлейтін адам соншалықты сирек емес. Шет тілдерін меңгеру – жаһандану үрдісімен байланысты, уақыт талабы. Барлық Кеңес одағына енген мемлекеттерде мемлекет үшін маңызды екі сұрақ арасында тепе-теңдік іздеу мәселесі тұр: мемлекеттік тілді дамыту және көптілділікті сақтау. Бұл орайда біздің мемлекетіміздің тәжірибесі аса қызығушылықты туғызады. Республикамызда қазақ тілін нығайтуға бағытталған белсенді шаралар мен өзге тілдердің тең дәрежеде қолданылуы дұрыс жолға қойылған. Қазақстан Республикасының Конституциясы қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жариялайды. Сонымен қатар орыс тілі мен ағылшын тілі тек қана қарым-қатынас тілдері болып қалмай, әлемдік білім алудың тиімді өткізгіштері ретінде қарастырылады.

Елімізде адамдар жүз отыздан артық тілде сөйлейді. Әрбір тіл – бұл бүкіл әлем. Тіл тек қана оқуға арналған құрал емес, халықтың тірі жаны, оның қасіреті, оның жады, оның асыл қазынасы. Тіліміз ана сүтімен сіңгендіктен, әрбіреуімізде ыстық махаббат, алғыс, тебірентерлік қатынас туғызуы тиіс. Әртүрлі тілдерді меңгерген адам өзі мәдени тұрғыдан дамиды және рухани өседі.

Менің ана тілім – қазақ тілі. Бұл шексіз бай, көркем тіл. Ол - әсем әуезділігімен, қайталанбас жандылығымен, тегеурінінің мықтылығымен ерекшеленетін тіл. Қазақ тілі – әдебиет, халық әндері, тарих пен жырлар тілі. Қазақ тілі арқылы біздің ата-бабаларымыздың жауынгерлік рухы, салт-дәстүрлеріміз қазіргі заманға дейін жетті.

Мен өз тілімді жақсы меңгергенмін. Бірақ, сонымен қатар мені орыс, ағылшын және неміс тілдері де қызықтырады. Мемлекетімнің гүлденуі мен әлемдік кеңістіктегі орны шетелдіктердің біздің Отанымызға деген дұрыс түсінігіне байланысты деп ойлаймын. Сондықтан, өзге елдерге біздің ұлан-байтақ жеріміз, тамсанарлық табиғатымыз туралы ойымды жеткізу үшін, көптеген тілдерді үйренгім келеді. Себебі, әлеуметтік және саяси статистикалық мәліметтер арқылы емес, ал өзіннің білімділігін, басқа тілдерде еркін сөйлеу дағдын арқылы ғана шетелділіктердің жүрегінде Отанымыз туралы жағымды әсер қалдыра аласын. Мен барлық адамдар алға қадам басып, өзге тілдерді меңгеріп, басқа халықтармен қарым-қатынас жасау арқылы, әлемде адал жүректі, ақ жарқын адамдар қаншалықты көп екендігін түсінгенін қалаймын.

Тіл, оны меңгерген адамға өз ойын, сезімдерін жеткізуге, тыңдаушымен өз көзқарасы мен эмоцияларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Тіл арқылы мәдениеттер диалогы жүзеге асады, өткен ғасырлардың зиялылары – Әл-Фараби, Абай, Пушкин, Шекспир, Дарвин және т.с.с. қарым-қатынас жасай аламыз. Сондықтан 22 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күнін аса ден қойып атап өткенімізді жөн көремін.

Мәриям ЫСҚАҚОВА, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Әкімшілік басқармасының бас маманы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-p-til-bir-lem-779395](https://yvision.kz/kk/post/k-p-til-bir-lem-779395)