---
title: "Көп қиналды көңілім, неге бүгін..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы - Laith Al-Baiyaa - \"If I Had You\"Бейнематериал авторы –..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-10-27T10:16:07+00:00"
modified: "2018-10-27T10:16:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-p-inaldy-k-ilim-nege-b-gin-817804"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-p-inaldy-k-ilim-nege-b-gin-817804/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көп қиналды көңілім, неге бүгін...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы - Laith Al-Baiyaa - "If I Had You"Бейнематериал авторы –...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы - Laith Al-Baiyaa - "If I Had You"

Бейнематериал авторы – LiLoveLi

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmus

Көп қиналды көңілім, неге бүгін,

Көз алдымнан өткіздім, өмірімді?

Қанша жуса, тазармас, бір кір сүлгін,

Болғандайсың көңілім, неге-неге?

Қайдан түсті, бұл қоқыс, көңіліме,

Іріктейін десем де, көнбес мүлде?

Маза кетіп, дақ түсті ме, көңіліме,

Кекшіл емес едім ғой, неге-неге?

Іріп кетті, бал-қаймағы көңілімнің,

Таза бұлақ айналды, тұрған көлге?

Дәмі кетті білемін, мынау сөзімнің,

Түңілгендей болдым-ау, неге-неге?

Дос едің ғой көңілім, өзің маған,

Сабырлық пен, талай мені, қорғаған.

Барма екен, адамдар, сыналмаған,

Дем ала ғой, көңілім, болғандайсың шаршаған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-p-inaldy-k-ilim-nege-b-gin-817804](https://yvision.kz/kk/post/k-p-inaldy-k-ilim-nege-b-gin-817804)