---
title: "Көнерген сөздерді қолданып, жарнама жасағым келеді."
description: "Мен қазақ тілін шексіз сүйемін. Қазақ тіліндей даналықты араб тілін толық білгенше еш жерде жоқ деп өтетін болармын бәлкім. Бұл тілді сүйемін. Қазақ тілін түсіну үшін қазақ болып туу керек. «Сөз тарихынан ұлт тарихы шығады» - дейді. Менің ұлтымның..."
author: "yerassylpr"
published: "2024-06-15T16:57:27+00:00"
modified: "2024-06-15T16:57:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-nergen-s-zderdi-oldanyp-zharnama-zhasa-ym-keledi-1005704"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-nergen-s-zderdi-oldanyp-zharnama-zhasa-ym-keledi-1005704/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көнерген сөздерді қолданып, жарнама жасағым келеді.

> Мен қазақ тілін шексіз сүйемін. Қазақ тіліндей даналықты араб тілін толық білгенше еш жерде жоқ деп өтетін болармын бәлкім. Бұл тілді сүйемін. Қазақ тілін түсіну үшін қазақ болып туу керек. «Сөз тарихынан ұлт тарихы шығады» - дейді. Менің ұлтымның...

Мен қазақ тілін шексіз сүйемін. Қазақ тіліндей даналықты араб тілін толық білгенше еш жерде жоқ деп өтетін болармын бәлкім. Бұл тілді сүйемін. Қазақ тілін түсіну үшін қазақ болып туу керек. «Сөз тарихынан ұлт тарихы шығады» - дейді. Менің ұлтымның тарихы - ешқашан өлмейтін, мәңгі нұрын шашар сәуле. Қасиетті құран қанша ғасыр бұрын түссе де өз маңызын әлі жоғалтпаған. Сол секілді біздің тілдің құдіреті ешқашан елеусіз қалмайды. Өзім сөйлесем де, әзіл айтсам да, сезімімді жеткізсем де тура, ұғынықты айтқанды ұната бермеймін. Асты шайнап, әр қоспаның дәмін бөлек ажырата жей білу оны қопара салуға қарағанда әлде қайда артық. Қазақтың мақал-мәтелі, жыр-дастандары, термелері, айтысы т.б. осындай өнерге толы. Оны тауысып болмаспыз.

Мамандығым қоғаммен байланыс. Маркетингті жақсы көремін. Болашақта бір арманым - қазақтың көнерген сөздерін қолданып, көшедегі баннерлерге жарнама шығару һәм слоган жазу. Маған мәнсіз сату ұнамайды. Сатып жатқан нәрсемнің астарында бір көмек, пайда тұрмаса қанша тырыссам да өзімді арнай алмаймын. Қанша жұмыстан осылай қашып кеткенмін. Тіпті еңбек ақымды алмай кеткен кездерім де болды.

Серікбай Ерасыл. Қазақ тілді PR

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-nergen-s-zderdi-oldanyp-zharnama-zhasa-ym-keledi-1005704](https://yvision.kz/kk/post/k-nergen-s-zderdi-oldanyp-zharnama-zhasa-ym-keledi-1005704)