---
title: "Көне Сарайшық құрып барады."
description: "Былтыр көптен бері армандап жүрген көне Сарайшықты көрдім. Бірақ қуанып юарған жерімнен, өкініп қайт..."
author: "Mrojin"
published: "2012-03-09T16:40:21+00:00"
modified: "2013-01-14T02:18:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ne-sarayshy-ryp-barady-238934"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ne-sarayshy-ryp-barady-238934/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Көне Сарайшық құрып барады.

> Былтыр көптен бері армандап жүрген көне Сарайшықты көрдім. Бірақ қуанып юарған жерімнен, өкініп қайт...

Былтыр көптен бері армандап жүрген көне Сарайшықты көрдім. Бірақ қуанып юарған жерімнен, өкініп қайттым. Өткені көне қалашықтың қазіргі жағдайы мәз емес. Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан 1950 жылы өзінің қазба жұмыстарын жүргізген. Мынау сол кезде түсірілген сурет.

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/jvz9SgdgmiU7L9O5RMWfLq70un2BFn.jpg)

Археологтардың дәлелдеуіне сенсек, Алтын Орданың кіші астанасы атанған Сарайшық осындай шағын қала болған.

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/4c8rwk1P3wN0z2oN0syU9R614YCbzQ.jpg)

Кезінде осы Орал өзенінің жағасында гүлденген, өз заманының заманауи қалашығы атанған Сарайшық осы өзен ағысымен құрдымға кетіп барады. Бүгінде Әлкей Марғұлан тапқан көне Сарайшықтың 30 пайызы ғана қалып отыр.

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/DCcrzuyJZPUp3SikdP3gHvjvSWJKho.jpg)

Ал қазба жұмыстары жүргізілген орын қоршаулы тұрғанымен, жергілікті жастардың табыс көзіне айналды. Жергілікті балалар көне қалашықта әлі де табылып жатқан көне жәдігерлерді келген саяхатшыларға сатып жатыр.

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/bv8HjpLbODPt1qDwn85NA3PQ66RMtH.jpg)

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/9d2cF44aPeDRGDW8hxzrfElJKirUSg.jpg)

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/j7f11jykONk0TgN5zXb7mHzb23fnas.jpg)

Ал тарихи орынынң басты проблемасы, нәпақа тауып жүрген жастар емес, ағысы жойқын Орал өзені болып отыр. Судың ағысынан жаға бұзылып, жылына көне қалашықтың 1-2 метр жері суға кетеді. Оның салдарын төменде көріңіз.

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/JJO014I5F7G4xIvq931LWeQM00DtRS.jpg)

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/e7052DWSBIQPv8h3qs2LT1wbte5AbP.jpg)

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/48TIE641pHrFON5sQaN9NRE2dnnaAI.jpg)

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/yQ4MSoR31FLYfA93l5hIw1SB16zVe2.jpg)

Көне қалашықтың аумағында көне бейіт бар көрінеді. Қалашықпен қоса, өзен жағасында адам сүйектері де шашылып жатыр. Жан түршігерлік көрініс.

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/z7mACMBOsDKG870X85s34UAE4CrKwL.jpg)

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/GX5Of6FvNv6LNECbIVRaHn8b0f7U6T.jpg)

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/8bKeklhWM81M7OM76TXCOwrinVng6C.jpg)

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/AWSSIJ9NLkkHuRj0rY9mODv79Cw6Xa.jpg)

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/u6v84GDE2DTNFdkBxFzYto5RCIeVTk.jpg)

![Көне Сарайшық құрып барады.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/qTWmC1ggNNNo42odk6mX6Ybk8Yi2Yk.jpg)

Көне Сарайшықтың бүгінгі жағдайы осындай. Жағада шашылған бас сүйектерден басқа, темір торы әрең тұрған, көне қалашықта айтарлықтай тамашалайтын ешнәрсе табылмады. Өкінішпен қайттым.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-ne-sarayshy-ryp-barady-238934](https://yvision.kz/kk/post/k-ne-sarayshy-ryp-barady-238934)