---
title: "«Кәне көңілді отырайық»"
description: "4 мамыр мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған бөлімде Ы. Алтынсарин атындағы дарынды ..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2018-05-05T10:36:40+00:00"
modified: "2018-05-05T10:36:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ne-k-ildi-otyrayy-803755"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/k-ne-k-ildi-otyrayy-803755/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Кәне көңілді отырайық»

> 4 мамыр мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған бөлімде Ы. Алтынсарин атындағы дарынды ...

4 мамыр мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған бөлімде Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің 5-сынып оқушылардың қатысуымен кітапханамызға жаңадан келіп түскен Дария Джумагельдинованың «Еркеғали есімді еркетай» атты таныстыру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу «Кәне көңілді отырайық» деген ұранмен өтті. Өйткені шығарма өте қызықты, тартымды, көңілді жазылған. Балалар шығармамен танысып, өз көзқарастарын 3 топқа бөлініп, әр түрлі әдіс түрімен талдады. «Оқу үйірмесі» әдісінде оқушылар шығармадан үзіндіні дауыс ырғағына келтіре отырып, мәнерлі оқуымен жарысқа түсті. Ал «Үш қалпақты» әдіс түрінде үш түрлі қалпақты кие отырып, шығарманың теріс және оң қылықтарын, отбасындағы апа мен інінің, әке мен ананың және әженің қарым-қатынастарына өз ойларын қосты. Кездесу шығармадағы бас кейіпкер дәл өздері секілді бала болғандықтан оқушылардың арасында үлкен қызығушылық танытып, өте қызықты, көңілді, жеңіл өтті. Барлығы 33 бала қатысты.

Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина#Алтынка библиотечная#ОДЮБ

# https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6552030605012718273?authkey=CPfmnbjz4JPCJg

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/k-ne-k-ildi-otyrayy-803755](https://yvision.kz/kk/post/k-ne-k-ildi-otyrayy-803755)